сенбі, 23 қараша, 2024 8:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда амбулаторлық пациенттерге арналған сүзгі бөлмелері жұмыс істеуде

Таразда амбулаторлық пациенттерге арналған сүзгі бөлмелері жұмыс істеуде
ашық дереккөзі
Таразда амбулаторлық пациенттерге арналған сүзгі бөлмелері жұмыс істеуде

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №5 қалалық емханасында амбулаторлық пациенттерге жекеленген 2 сүзгі (фильтр) бөлмелері жұмыс істеуде. Жедел вирусты жұқпалардан болатын аурулар  күшейіп тұрған бүгінгі таңда олардың қызметі аса маңызды. Себебі, мұнда емдеу мекемесіне келген пациенттің ауруын басқаларға таратпауға және оның ертерек алдын алуға мүмкіндік мол.

Сүзгі бөлмелерінде бір күнде 50-60-қа жуық адамдар қаралуда. Олардың көбісі жоспарлы ем қабылдауға және жүкті әйелдердің босану алдындағы жоспарлы  ПТР анализдерін тапсыру мақсатында келгендер. Сонымен қатар күнделікті 5-6 науқас «жіті респираторлы вирусты инфекция» белгілерімен қабылдануда.

Бірінші сүзгі (фильтр) бөлмесінің негізгі мақсаты – «жіті респираторлы вирусты инфекцияға» (ЖРВИ) күдікті симптомдары бар, яғни дене қызуының жоғарылауы, жөтел секілді симптом белгілері бар пациенттерді сұрыптап, оларды оқшаулау. Екінші сүзгі бөлмесі – жүкті әйелдер мен балаларды  сұрыптап, оларды оқшаулауға арналған. Коронавирусты вирусты инфекция анықталған науқастар болған жағдайда оларды шұғыл түрде оқшаулап, қажет болған жағдайда амбулаторлы ем тағайындалады. Бұл жоспардың басты мақсаты – вирус анықталған науқастарда асқыну жағдайларын болдырмау, яғни өкпенің жасанды вентиляциясын қажет ететін пневмония сияқты асқынулардың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Бүгінгі күні онда 1 дәрігер мен 2 мейірбике қызмет атқарады. Сүзгі бөлмесінің медициналық мамандары емхананың арнайы бөлек есігі арқылы кіріп, арнайы қорғаныс киімдерін киіп, сүзгі бөлмесіне өтеді. Қызмет ету уақыттары біткеннен кейін арнайы киімдерін   ауыстырып, емхананың келесі бөлек есіктері арқылы шығады.

Сондай-ақ, мұнда ПТР талдауы  коронавирусты  инфекция анықталған науқастардың мәліметтері электронды базаға кіргізіліп, олармен қарым-қатынаста болған адамдар тізімі анықталады. Ауырған пациентпен байланыста болған адамдар арнайы құрылған мобильді топ арқылы үй жағдайында қаралып, олардан ПТР анализдері алынады. Сүзгі бөлмесінің қызметкелері мен арнайы мобильді топ қызметкерлері толықтай қорғаныс құралдарымен, қажетті дене қызуын өлшеуіш және пульсоксиметр аппараттарымен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта коронавирустық инфекциядан болатын ауруларға жол бермеу  және оның алдын алу үшін емханаға келген пациенттерді сүзгіден өткізу маңызды болмақ.

 

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар