сенбі, 23 қараша, 2024 6:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытай пандемия туралы бұған дейін жасырын болған ақпаратты айтты

Қытай пандемия туралы бұған дейін жасырын болған ақпаратты айтты
ашық дереккөзі
Қытай пандемия туралы бұған дейін жасырын болған ақпаратты айтты

Былтыр көктемде Қытайдың Ухан институтының ғылыми базасының көзі жойылған. Ол пандемия енді басталған кезде қытайлық ғалымдар немен айналысқанын білуге мүмкіндік берер еді. Бұл туралы NBC News телеарнасының сюжетінде айтылды.

Телеарна мәліметінше, жалпы мәліметтер базасында 20 мыңдай ақпарат болған. Ухан зертханасының жоғары шенді қызметкерлерінің бірі бұл "қауіпсіздік мақсатында" жасалғанын айтады.

Бұған және COVID-19 туралы шындықты жазбақ болған журналистер мен ақпарат таратушыларды қытайлық билік қамауға алмақ болғанына қарамастан, Ухандағы ДДҰ сарапшыларының сөзінше, тергеудегі ешқандай нұсқа жоққа шығарылмайды.

ДДҰ сарапшылар тобының мүшесі Питер Дасцак қытайлықтар бұған дейін белгісіз болған ақпаратты беріп жатқанын айтады.

"Бұл ғылыми сапардың расында саяси астары бар секілді және кінәліні табу мақсатында жасалған сияқты. Бірақ бұл жердегі басты мақсат ғылым және қолда бар мәлімет алдамайды", - дейді сарапшы.

Одан бөлек, қытайлық вирусологтар вирус Қытайдан тарап бастамағанын айтады. Оның ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар.

Маман NBC News тілшісінің "Вирус Уханнан тарады деп ойлайсыз ба?" деген сұрағына "Жоқ" деп жауап берген.

Ал ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райанның сөзінше, вирустың қайдан пайда болғаны туралы айту әлі ерте.

  Tengrinews.kz 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар