жұма, 22 қараша, 2024 1:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүйке жүйесін нығайтуға көмектесетін жеміс анықталды

Жүйке жүйесін нығайтуға көмектесетін жеміс анықталды
ашық дереккөзі
Жүйке жүйесін нығайтуға көмектесетін жеміс анықталды
Бананды қалыпты мөлшерде тұрақты тұтыну жүректің жұмысына оң әсерін тигізеді және жүйке жүйесінің жұмысын күшейтеді. Бұл туралы диетолог дәрігер Наталья Пугачева айтты, деп жазды sterlegrad.ru. Ол банан құрамында калий, магний, марганец және мыс бар екенін айтып өтті. Калий мен магний жүректің қалыпты жұмыс істеуіне, қан қысымын реттеуге көмектеседі. Мыс гемоглобин мен коллаген синтезіне пайдасын тигізеді, сонымен қатар зиянды заттардың детоксикациясына әсер етеді. Ал марганец энергия алмасуда маңызды рөл атқарады. «Бұл жеміс жүйке жүйесі үшін маңызды», - деп түсіндірді Пугачева. Диетолог толық піспеген банан жеуге кеңес берді. Себебі олар ішекке, атеросклероз және қант диабеті үшін пайдалы крахмалға, пектинге және жасұныққа бай. Дегенмен жемісті мөлшерден тыс тұтынбауға кеңес береді, бананда калория мөлшері аз болғанымен, құрамында шамамен 40 грамм көмірсу бар. Ал сары түсті банандардың құрамында фруктоза мен глюкоза көбірек болады. 24.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар