жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында бас ішілік қысымды бақылау жүйесі іске қосылды

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында бас ішілік қысымды бақылау жүйесі іске қосылды
Фото - ашық дереккөз
Жаңа әдіс бүгінде аурухананың күнделікті тәжірибесіне тұрақты түрде енгізіліп отыр.

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында бас ішілік қысымды (БІҚ) мониторингілеу технологиясы енгізіліп, оның көмегімен алғашқы нейрохирургиялық операция сәтті жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

1965 жылы туған пациент Т. ауруханаға өте ауыр жағдайда — жедел инсульт және миға қан құйылу диагнозымен жеткізілген. Компьютерлік томография кең көлемді трепанацияны талап еткен: ми детриті мен үлкен көлемдегі қан ұйындыларын алу керек болған.

Алайда жаңа технология жағдайды түбегейлі өзгертті. Орындалған бас ішілік қысымды бақылау мен уақтылы жүргізілген коррекция арқасында мамандар жарақаттаушы операциядан бас тартып, науқастың жағдайын тұрақтандыра алды. Ми ісігінің асқынуы болдырылмай, кешенді ем нәтижесінде пациент аман қалды. Қазіргі таңда ол үйіне шығарылып, оңалтуды жалғастыруда.

Бұл жетістік – хирургия және инновациялар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, нейрохирург Асқар Садықов, нейрохирург Иннаят Муендинов, реанимация және анестезия бөлімінің меңгерушісі Асқар Тұңғышбаев, сондай-ақ реаниматологтар мен орта буын медицина қызметкерлерінің үйлесімді еңбегінің жемісі.

Асқар Садықовтың айтуынша, БІҚ мониторинг құрылғыларын қолдану ми қанайналымының қалыпты реттелуін  бақылауға, ми ісінуінің алдын алуға және күрделі нейрохирургиялық араласуларға көрсеткіштерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс бас-ми жарақаттары, инсульт, ісіктер, гидроцефалия және ауыр неврологиялық патологияларда шешуші рөл атқарады. Оның қолданылуы миға екіншілік зақым келу қаупін төмендетіп, науқастардың жансақтау бөлімінде болу уақытын қысқартады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар