Журналистер «Almaz Medical Group» емханасының жұмысымен танысты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 шілде, 2025
- 678
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Тараз қаласындағы «Almaz Medical Group» ЖШС-нің базасында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Almaz Medical Group» — өңірдегі сұранысқа ие жеке медициналық мекеме, қызметтерін тек Тараз тұрғындарына ғана емес, аудан тұрғындарына да ұсынады. 2025 жылдың алғашқы алты айындағы деректерге сәйкес, емханаға тіркелген халық саны – 69 005 адам. Оның ішінде 40 261-і — ересектер, 24 867-сі — балалар мен жасөспірімдер.
«Клиникада заманауи құрал-жабдықтарда диагностикалық қызметтер көрсетіледі: МРТ, КТ, ФГДС, сараптамалық деңгейдегі УДЗ, ЭхоКГ, ХОЛТЕР, СМАД, ЭЭГ, маммография, сурдологиялық аппарат, аудиологиялық скрининг аппараты, цифрлық рентген және флюорография. Пациенттерге тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, күндізгі стационар, үй жағдайында стационар, физиотерапиясы бар оңалту бөлімі және амбулаториялық хирургия қызметтері көрсетіледі. 2025 жылдың маусым айында поликлиникада «Әйелдер консультациясы» және «Балалардың ерте даму орталығы» ашылды», - дейді бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары Жадыра Сахова.

Емханада тәулік бойы жұмыс істейтін 11 төсек орындық стационар (оның ішінде 8 эндокринологиялық, 3 хирургиялық) бар. Мұнда қант диабетімен ауыратын пациенттер тұрақты медициналық бақылауда болып, емделеді. Хирургиялық оталар МӘМС аясында жасалады. Емханада күніне 40-50 пациентке медициналық оңалту қызметтері көрсетіледі. Қала тұрғыны Гүлжайна Қауымбаева «Almaz Medical Group» емханасына тіркелген. Оның айтуынша, замануй медициналық құралмен жабдықталған емханада пациенттер үшін барлық жағдай жасалған.
«Отбасыммен барлық медициналық көмекті осы емханадан аламыз. Ризамыз. Бір апта бұрын балам ауырып қалды. Дәрігерлер емдеп, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Алғыстан басқа айтарым жоқ»,-деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
МӘМС - денсаулық кепілі: тұрғындарға жүйенің артықшылықтары түсіндірілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2025





