бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 6:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ислам игілікке үндейді

Ислам игілікке үндейді
ашық дереккөзі
Ислам игілікке үндейді

Ислам діні бейбітшілікке, отансүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, қоғамға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақыратын, адамды тек жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелейтін дін. Ислам сөзінің өзі осы аталмыш ұғымдарды береді. Осы дінді ұстанатын мұсылман осыған сәйкес өмір сүру керек. Өкінішке орай, ислам дінінің атын жамылып, бұл дінге қатысы болмаған түрлі  іс-әрекеттерді дін атынан жасап жатқандар бар.

Қордай ауданы өзге ұлт өкілдері көбірек шоғырланған аймақ болғандықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазрет екі рет келіп, татулық негізінде жамағатпен кездесіп, жұма намазын өткізіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берген болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушілері Хазретпен бірге келіп, жұма намаздарын өткізіп, "Бейбітшілік пен келісім" тақырыбында уағыз айтты. Облыстық мешіттерден арнайы облыс имамы бастап карантинге дейін де, кейін де келіп, кездесулер мен түсіндірме жұмыстарын жасап жүр. Ауданға қарасты мешіт имамдары да жамағатына түсіндіру мен насихаттарын жүргізуде.

Аудандағы бірнеше ауылдарда, атап айтқанда Масаншы, Сортөбе, Ауқатты және Қарасу елді мекендерінде тек дүнген ұлты баратын мешіттерде өзге тілде уағыз айтылып келді. Карантин болған уақытқа дейін біз кемінде орыс тілінде бес минут болса да қазақ тілін қосуды талап еткен болатынбыз. Себебі, имамның өзі де жақсы білу керек және жамағаттың да түсінуі маңызды. Халық жүз пайыз қазақша түсінбегендіктен бірте-бірте қосқан болатынбыз. Қазіргі таңда Жұма намазы мен уағыздар тоқтатылғандықтан уағыз айтылып жатқан жоқ. Алайда, ауданымыздан жаңадан салынып, ашылған «Имамдар үйі» орталығында арнайы мемлекеттік тілді үйрететін дәрісхана бар. Сондағы дәрістің нәтижесінде болашақта мұндағы уағыздар да мемлекеттік тілде жүргізілетініне сенеміз.

"Имамдар үйінің" ашылуы биылғы жылдың жақсы жаңалықтарының бірі болды десем, артық болмас. Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазрет өзі ашылу салтанатына қатысты, жүрек жарды сөздерін айтып, ақ тілегін арнады. Әзірге "Имамдар үйіндегі" тіл үйрету курсында қазақ тілінен Сортөбе ауылдық округіне қарасты 13 мешіттің қызметкерлері сабақ алуда. Ал жалпы алғанда "Имамдар үйінде" төрт кабинеті бар қазақ тілінен басқа "Бейбітшілік және келісім", "Оңалту және алдын алу" және жалпы сауат ашуға арналған "Дәрісхана" кабинеті де бар. Қазіргі карантиндік жағдайға байланысты көп адам жинала алмай да отыр. Әйткенмен, осы аудандағы тіл үйренуге ниеттілерге есігіміз ашық. Және "Оңалту және алдын алу" кабинетіне басына түскен сынаққа сабырмен қарап, қиындықтан дұрыс жол тапқысы келетін кезкелген тұрғын келіп, мамандармен кеңесіп, сыр бөлісе алады.

Бүгінгі уақытта ауданда 62 мешіт бар. Барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары болып табылады. Әрбір қызметкер тағайындалмай тұрып құжаттарын жинағаннан кейін міндетті түрде сараптамадан өтеді. Сараптамадан өткен, бұйрығын алған имам жат ағымға қарсы жұмыс жасайтын болады. Халыққа барынша мешіт салудың сауаптылығымен қатар жауаптылығы да маңызды екені айтылып отыр.

 

Дәурен Құттыбаев,

Қордай ауданының бас имамы.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар