сенбі, 23 қараша, 2024 15:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 493 – 498 теңге аралығында саудаланып жатыр

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 493 – 498 теңге аралығында саудаланып жатыр
фото - ашық дереккөзден
Ұлттық банктің 12 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,65 теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 493 – 498 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық банктің 12 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 525,71.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 497,70 теңге. Еуро 527 — 531теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,53 теңгеге төмендеп, 493,27 теңге болған.

Осыған дейін отандық қаржы сарапшылары теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты өз ойларын айтты. 

Қаржыгер Расул Рысмамбетов қазір теңгенің әлсіреуі АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі емес, ең алдымен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп есептейді.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар