сенбі, 23 қараша, 2024 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аудан әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді

Аудан әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді
ашық дереккөзі
Аудан әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді
Бүгін аудан әкімі Арубаев Сәкен Қаланұлы Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік Facebook желісіндегі ресми парақшасында «Әкім сағаты» жобасын кезекті мәрте өткізіп, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, тікелей эфир барысында тұрғындардан келіп түскен сауалдарға толымды жауаптар қайтарды. Эфирге тоқталар болсақ, ауданда өңдеу саласында жиырмаға жуық кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер жұмыс атқаруда. Олардың ішіндегі негізгілері: - «Амангелді ГӨЗ» ЖШС –мұнай өңдеумен; - «Суперфарм» ЖШС – бір реттікмед бұйымдар шығарумен; - «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС – гипс өндірумен; - «КазУпакТрейд» ЖШС -  гипс өндірумен; - «Ел Даулет» ЖШС – қоспа жем шығарумен; - «Берсанукаев» ЖШС –шұжық өндірумен; - «Биномстройдеталь» ЖШС – темір бетон бұйымдарымен; - «БМ» ЖШС – биоэтанол, қоспажем шығарумен; - «Тан» ЖШС – күйдірілген кірпіш шығарумен айналысуда. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауданның кәсіпорындары13,7 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 100,3%-ды құрады (2019 жылдың 9 айы – 14,8 млрд. теңге). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі орындалғанымен, өнім көлемі 1,1 млрд. теңгеге төмендеген. Оның себебі ауданымызда негізгі жүйе құраушы ірі кәсіпорын «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытында ағымдағы жылы шикізат тапшылығымен мәселелер туындауда. Қалған кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. Жыл қорытындысымен өнеркәсіп көлемі өткен жылдың көлемінен кем болмайды деген болжам бар. Негізгі капиталға салынған инвестицияға көлемі 24,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 120,5%-ды құрады. Инвестициялардың 15,8 млн тенгесі шағын және орта бизнес субъектілерінің салған қаражаттары. Ал 8,9 млрд тенге республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынған қаражаттар. Жыл қорытындысымен негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 26,0 млрд тенгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда /25,6 млрд /103,2% орындалады деп күтілуде. Бөлшек сауда тауар айналымы 4,9 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 85,3%-ды құрады. Бұл жерде, қазіргі кездегі пандемия салдарынан төтенше жағдай жариялануы, карантиндік шектеулер қойылуы ішкі бөлшек сауда нарқына кері әсерін тигізді. Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемі өткен жылғы 7 млрд 519 млрд тенгенің 95,0% көлемінде орындалады деген болжам бар. Кәсіпкерлік нысандары Ауданда жалпы тіркелген 5344 кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты жұмыс жасап тұрғандарының саны 4527 бірлікті құрады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер 2030 бірлік, шаруа қожалықтар 2307 бірлік және заңды тұлғалар 190 бірліікті құраған. Жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 84,7%. Жыл басынан жұмыс істеп тұрған ШОБ нысандарының 104,2% артқан. ШОБ субъектілерінің өндірген өнім көлемі 12,4 млрд. теңгені құрады /мәлімет 1 шілдеге/, онда 6863 адам жұмыс атқаруда /мәлімет 1 шілдеге/ Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша несиелендіру Есеп беру кезеңінде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 8 кәсіпкер 11 жоба бойынша 308,2 млн. теңгеге несие алды. Алынған несиелер бағдарламаның пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шартымен алынған. Бұл дегеніміз несие мөлшерлемісі 16,0% болса мемлекет тарапынан 9,0% субсидияланады. Грант «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында  бизнес идеяларға 5 млн тенгеге дейінгі грант бөлу конкурсына ауданнан 34 азамат жобаларын ұсынды. Жобалар                  12 ауылдық округ бойынша қалыптасқан. Конкурсқа ұсынылған 34 жобаның ішінен қомиссияның оң қорытындысын алған 5 жоба 22 млн тенге грант иегері атанды. Анықтама есебінде -ЖК «Даяна» Шайқорық ауылы – фитобөшкелермен сауықтыру орталығы –4,0 млн тенге;   - «Аман Ата» ШҚ  Айша биби ауылы – жұқпа, таба нан пісіретін наубахана – 3,0 млн тенге; - ЖК «Лесбек» Ақбұлым ауылы – қолдан жасалған тастан ас үй жихаздарын әзірлеу – 5,0 млн тенге;                                                                                                                                                                                  -ЖК «А Люкс»   Аса ауылы -  агроэлектромотоциклер жинайтын цех ашу – 5,0 млн тенге;   - ЖК «Сұлтан»  Жалпақтөбе ауылы – инулюзивті бала бақша ашу – 5,0 млн тенге. Бағдарламаның тағы бір бағыты кәсіпкерлік нысандарға жетіспейтін инфрақұрылымды тарту шарты. Инфрақұрылым тарту жұмыстары «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидасы» негізінде жүргізіледі.  Қағидада барлық құрылыс монтаж жұмыстарының алдында жасалатын құжаттар (техникалық шарт, ЖСҚ, сараптамадан өткізу және тб) рәсімдеу шаралары бизнес субъектісінің тарапынан жүргізілуі тиіс ал құрылыс монтаж жұмыстары мемлекеттік немесе жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жасалады. 2019 жылы ауданда Қарасу ауылдық округіндегі «БББ» өндірістік кооперативінің               /А. Қоңырбаев/ қоймасына 3,5 млн тенгеге электр желісі тартылған. Ағымдағы жылы бірқатар кәсіпкерлерден инфрақұрылым тарту бойынша ұсыныстар түсуде. Мысалы: «Аса даму» ЖШС тарапынан құс фабрикасына су ұңғымасын қазу бойынша ұсынысы түсті. «КазУпактрейд» ЖШС тарапынан гипс зауытына темір тұйығын салу бойынша ұсынысы түсті. Кәсіпорындар «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидасының» шарттарымен таныстырылды. Кәсіпкерлер тарапынан құжаттар рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы Қазіргі таңға мемлекет тарапынан ұсынылып отырған қолдаулардың ішінде кәсіпкерлер мен шаруаларға ең тиімді ұсыныс осы аталған бағдарлама бойынша несиелендіру болып табылады. Оның ішінде екінші деңгейлі  банктерге қарағанда «Агрокредиттік корпорацияның шарттары жеңіл болып тұр. Бүгінгі күнге ауданда аталған бағдарламамен       23 жоба - 1 млрд 789 млн тенгеге қаржыландырылды. Қаржыландырылған жобалардың 20-сы немесе 86,7% Агрокредиттік корпорация арқылы несиелендірілген. Ірі жобалар «Суперфарм» ЖШС 995,0 млн тенгеге,  ЖК «Султанходжаев» 270,0 млн тенгеге, ЖК «Иштаев» -88,0 млн тенгеге қаржыландырылған. 3 жоба бойынша құжаттар қарастырылуда. Әкімдік тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды хабарландыру мақсатында аудандық «Шұғыла Радуга» газетіне тиісті мақалалар жариялануда.  «Даму» қолдау қорымен және аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп аудан аумағындағы негізгі автожолдардың бойына кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар туралы 5 билборд ілінді. Одан бөлек ақпараттық құралдар тұрақты түрде жаңартылуда. Қыркүйек айының бірінші жартысында облыс әкімінің бастамасымен «Бейбітшілік және келісім» жобасы бастау алғаны баршаға мәлім. Жобаның «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту» бағытымен ауданға кәсіпкерлік саласындағы барлық құзырлы органдар, қаржылық институттар және екінші дейгейлі банкітердің өкілдерінен құрылған жұмысшы тобы барлық ауылдық округтарды аралап, ондағы халықпен, кәсіпкерлермен кездесіп мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қолдаулармен таныстырды. Сонымен қатар кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді анықтап шешу жолдарын қарастырды. Азық түлік тауарларының бағасы бойынша Жұмысшы тобы апта сайын сауда орындарына мониоринг жүргізуде.  Мониторинг жүргізуге аудан орталығынан 5 ірі сауда орны және әр ауылдық округтан бір негізгі сауда орындары барлығы 20 нысан таңдалды. Сауда орындарынан әлеуметтік сөрелер белгіленді. Сөрелерде сауда орындарында сатылып жатқан негізгі әлеуметтік азық түлік тауарларының 19 түрі бойынша тауарлар шекті бағаларымен сатылуда. Әлеуметтік сөрелердегі ақпараттар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ашқан «WhatsUpp» желісіндегі облыстық чатқа жолдануда. Бүгінгі күнге 19 түрлі азық түлік тауарларының ішінен       2 түрі бойынша баға өсуі байқалуда. Олар: -қарақұмық жармасы – шекті бағасы 294 тенге/кг орташа бағасы 380,0 тенге/кг. Өсім 86 тенге немесе 29,2%. Өсу себебі – қарақұмық жармасы облысымызға Өскемен облысынан және Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Тауардың бағасын сол жақтың кәсімкерлері белгілейді. -қант – шекті баға 185 тенге/кг,орташа баға – 270 тенге/кг. Өсім 85 тенге немесе 45,9% құрады. Бұл жерде өсім маусымдық сипатта қалыптасқан. Қант зауыттарында жаңа өнім шыққанан кейін баға тұрақталады. Азық түлік дүкендерінде 92 тонна қор қалыптасқан. Қор туралы ақпарат үнемі жаңартылып тұрады. Инвест жобалар Ауданға ірі инвест жобалар тарту жұмыстары үнемі бақылауға алынған. Қазіргі таңға ірі 11 инвест жобаның пуллы қалыптасқан.   Анықтама есебінде
  1. Қаратөбе ауылдық округінен «Алель–Агро» ЖШС құны 400,0 млн тенгеге ет бағытындағы құс өсіру фабрикасының құрылысы. Құрылыс жұмыстары ІV-тоқсанға жоспарланған.
  2. Айша биби ауылдық округінен «Шелл» компаниясының қуаты 50 МгВт, құны 19,2 млрд тенгеге күн сәулелі электр энергиясы  сатнциясының құрылысы. Карантин шектеуі алынбауына байланысты жоба жетекшілері шет елдерден келмеген. Қазіргі таңға жоба жұмысы құжаттарды рәсімдеу кезеңіде тұр. Құрылыс жұмыстарын бастау жоба жетекшілері жиналғаннан кейін анықталандығы туралы мәлімет алынды.
  3. Ерназар ауылдық округінен «Көкжиек 2030» ЖШС - құны 1,5 млн тенгеге сүт тауарлы фермасы құрылысы. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылға жылжытылды.
  4. Өрнек ауылдық округінен«Гуд Лук» ЖШС – құны 1,1 млрд тенге ет және сүт бағытындағы ферма құрылысы. Жобалау сметалық құжаттар әзірленуде. Құрылыс жұмыстарын ІV-тоқсанға жоспарлауда.
  5. Полатқосшы ауылдық округінен«Жамбыл Ет МС»ЖШС –құны 1,5 млрд тенгеге мал бордақылау фермасы. Кәсіпкер С. Шаушенова. 800 млн тенгеге ет бағытындағы ангус тұқымды ірі қара малын өсіру алып жуық инвестициясын ағымдағы жылдың 6 айымен көрсеткен. Негізгі жұмыстары қазан айында жүргізіледі.
  6. «КазФос» ЖШС натридің гексаметафосфатының өндіру цехының ІІ желісін жүргізу. Құны 2,0 млрд тенге. Іске асырылу мерзімі 2020-2021 І тоқсаны
  7. Қаракемер ауылдық округында «Денвер» ЖШС жылы кешені құрылысы. Құны 3,5 млрд тенге. 2022 жыл
  8. «Супер Фарм» ЖШС бір реттік медбұйымдар шығаратын цехының ІІІ корпусының құрылысы. Жоба құны 1,5 млрд тенге. Іске асырылу мерзімі 2021 жыл.
  9. «Аса Даму» ЖШС құс фабрикасының төртінші корпусының құрылысы. Жоба құны 150,0 млн тенге. Іске асырылу кезеңі 2021 жыл.
Ағымдағы жылы 5 инвестормен  өзара ынтымақтастық меморандумдары жасалды. /Денвер, Алель Агро, Аса Даму, Супер Фарм, Гудлук/. Индустариалды инновациялық даму бағдарламасы аясында «Көкжиек 2030» ЖШС «400 бас ірі қара малға арналған сүт тауарлы фермасының құрылысы» жобасы облыстық индустриалды даму картасының 2021 жылы іске асырылатын жобалар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Гудлук» ЖШС  «Сүт тауарлы фермасының құрылысы" жобасы картаның 2021-2022 жылдары іске асырылатын жобалар тізіміне енгізу жұмыстары қолға  алынуда. Ауданда сауда нысандарының саны Ауданда: - азық - түлік сататын дүкендер саны 120 бірлікті; - азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер – 25 бірлікті; - тамақтану нысандары – 27 бірлікті; - дәріханалар -8 бірлікті; - қызмет көрсету орындары 30 бірлікті құрайды. Барлық дүкендер қалыпты жұмыс атқаруда. Карантин кезеңінде  барлық кәсіпкерлік нысандарға құрылғңан жұмысшы топтары карантин талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аудандағы туризм саласының дамуы мен перспективалары туралы   Жамбыл  ауданы бойынша тарихи, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштер саны 137 құраған. Оның ішінде  археологиялық -106, сәулет–1, монумент–5, тарихи-25. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған 28 ескерткіш бар, оның: ішінде        5- монумент, 5 –стелла, 8 – обелиск және 8 – бюст. Негізгі археологиялық нысандар- Ақыртас, Әулие бастау кешендері,  Айшабибі, Бабаджа-Хатун кесенелері, Бектөбе қалашығы Нысандарға белгіленген стандартқа сәйкес 3 тілде ақпарттық тақтайшалар ілінген және QR-код орналасқан. Нысандарға баратын жолдар толығымен жөндеуден өткізілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар