жұма, 27 желтоқсан, 2024 9:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

Ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?
ашық дереккөзі
Ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?
  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру, жүргізу құқығына куәліктер, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 6.05.2015 жылғы №4-3/421 бұйрығымен бекітілген)
  2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.

III. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - машинаның тікелей тұрған жерi бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде және (немесе) машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  2. көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) жеке тұлға және заңды тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі):

      2) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

      4) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық байқау актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер;

  1. Портал арқылы жүгінген кезде:

     1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі

Портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Меркі ауданы әкімінің аппараты

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар