жұма, 27 желтоқсан, 2024 21:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айыппұл санкциясы қарастырылмайды

Айыппұл санкциясы қарастырылмайды
ашық дереккөзі
Айыппұл санкциясы қарастырылмайды
Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткен салық кезеңдері үшін қарыздар 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда өсімпұлдардан басқа 8 АЕК (шамамен 20 мың теңге) мөлшерінде айыппұл есептелетіні туралы ақпарат таратылуда.
Қаржы министрлігінің Мем­лекеттік кірістер комитеті бұл ха­барламаның шындыққа сәй­кес келмейтінін ресми түрде мәлім­деді. Қолданыстағы Салық ко­дексінде салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әр­бір күн үшін берешек сома­сы­на өсімпұл есептеу қа­рас­­­тырылған, бұл ретте, заң­­на­мамен айыппұл санкциялары қа­растырылмаған. Жер және мүлік салығы бо­йын­ша алдағы төлемдер туралы, сондай-ақ салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты «Е-Salyk» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» сервисінен білуге болады. Мұнда есептелген сомаларды екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ төлем карталарының кө­­­ме­гімен толтырылған деректемелер бойынша төлеуге болады. Бұдан басқа, салық әмия­ны қызметінде меншік құқы­ғында тіркелген салық салу объек­­тілерін қарау мүмкіндігі бар. Кө­лік құ­ралдары мен жыл­жы­майтын мү­лік объектілері бойынша қате мә­ліметтер бол­ған жағдайда он­лайн режім­де түзетуге, оның ішінде, көлік құ­ралының сипаттамала­рын, иелену құқығын және т.б. өзгертуге өтініш беруге мүмкіндік беретін түзету сервисін пайдалануға болады. Сондай-ақ ағымдағы жыл­­дың соңына дейін жеке тұл­ғалар үшін салықтық ра­қым­шылық қолданылады, қағи­даларға сәйкес жеке тұлға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары са­лығы бойынша борыштың не­гізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шы­ға­рылады. Бұл ретте салықтық рақымшылық 2019 жылғы мүлік салығы және жер салығы бойын­ша міндеттемелерге қолда­ныл­майды.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар