Қазақстан үкіметі экономиканы өсіру үшін 9,6 трлн теңге инвестиция тартады
- авторjambylinfo.kz
- 24 маусым, 2024
- 459
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикадағы өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестициялау жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Негізгі бөлігін 7 трлн теңге көлеміндегі бюджеттен тыс инвестиция көздері алады. Біріншіден, бұл біздің ұлттық холдингтеріміздің қаражаты. «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректің» барлық еркін өтімділігі осы өсу бағдарламасына бағытталған. Екінші көзі — ішкі және сыртқы капитал нарығы. Біз қазір ішкі ресурстарды белсенді түрде тартып жатырмыз. Бұл екінші деңгейдегі банктер мен басқа да институционалдық ішкі инвесторлардың қаражаты», - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
Жалпы, үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, экономиканың барлық дерлік саласында өсім байқалғанымен, кейбірінде өсу қарқыны төмен болып отыр. Оның себебі — елімізде орын алған су тасқынының салдарынан бірқатар өңірде сауда, көлік, құрылыс салаларының өсу деңгейі баяулады. Себебі, жолдар бұзылды, логистика қызметіне зардабы тиді. Жалпы, соның есебінен сауда-саттық баяулады, жүктерді жеткізу процесі баяулап, кейбір аймақтарда құрылыс саласы да тұрып қалды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Әнші Әміре ауруханада жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024