жұма, 22 қараша, 2024 3:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Таиланд арасында сауда-саттық көлемі артады

Қазақстан мен Таиланд арасында сауда-саттық көлемі артады
фото - ашық дереккөзден
Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы 35,9% -ға өскен

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Таиланд Корольдігінің Премьер-министрінің орынбасары - сауда министрі Пхумтам Вечайячай екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Келісім екіжақты экономикалық қатынастарды ұзақ мерзімді және тұрақты негізде дамытуға бағытталған. Қазақстан тай инвесторларын тартып, салық және кедендік баждардан босату сияқты шарттарды ұсына алады. Бұл ел экономикасына оң әсер ете отырып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

 Бүгінде Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 35,9% -ға өсіп, $367,7 млн. жетті. Бұл ретте қазақстандық өнімнің экспорты $55,3 млн. дейін ұлғайды.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Таиланд елімен сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың маңыздылығын айта келе, экспорт көлемін арттыру мақсаты тұрғанын жеткізді.

«Таиланд Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі сауда серіктесі болып табылады. Біз металлургия өнімдерін, химия тауарларын, ауыл шаруашылығы мен минералдық ресурстарды қоса алғанда, $900 млн. астам сомаға 100-ден астам тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

 Бұл орайда Қазақстан Таиландқа бал, уылдырық, ет деликатестері, жоғары сапалы алкоголь және басқа да тауарларды жеткізе алады.

Тараптар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде қой жүнін қайта өңдеу, мата, былғары және аяқ киім өндірісінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан жаңа инвестициялық жобалар үшін бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды ұсынды.

Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрі Шаққалиев жоғары маржиналды тауарлар саудасын ұлғайту үшін авиакаргоны дамытуды және екі ел арасындағы қолайлы визалық режимді іскерлік белсенділікті жандандыруға қолдануды ұсынды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар