Қазақстанда доллар тағы қымбаттады
Аптаның басынан бастап америкалық валюта бағасының өсуі жалғауда. Доллар бір тәулік ішінде 1,3 теңгеге қымбаттап, 426,1 теңгеден сатыла бастады.
KASE-дегі күндізгі сатылым 426,1 теңгемен аяқталды. Бұл бір тәулік ішінде америкалық валюта тағы 1,3 теңгені қосты, ал бір айдың ішінде доллар бірден 8,1 теңгеге қымбаттады деген сөз. NUR.KZ-тегі валюта бағамдары бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, осы сағатта оңтүстік астананың банктері мен айырбастау пункттері долларды 427,1 - 430 теңгеге сатуда, ал 424,5 - 425,8 теңгеге сатып алуда. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаның құны 428,2 - 430 теңге аралығында тұр. Елордада бір долларды 424,5 - 425,8 теңгеден сатуға болады. Қазақстанның үшінші мегаполисінде де бағалар дәл осындай. Бір долларды 424,5 -425,8 теңге сатып алуға және 428,2 - 430 теңгеге сатуға болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская теңге бағамының төмендеуін онлайн брифингте түсіндірген еді. Доллар бір аптада 7 теңгеге қымбаттаған.
nur.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала