Экономика
Қазақстанда интернет, дәрі-дәрмек және жерлеу рәсімдері қымбаттады
- авторjambylinfo.kz
- 3 қыркүйек, 2020
- 206
Қазақстанда интернет, дәрі-дәрмек және жерлеу рәсімдері қымбаттады
Биылғы сегіз айда баға азық-түлік емес тауарларға – 3,4%, ақылы қызметтерге 2% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Биылғы сегіз айда азық-түлік бағасы –7,3%, азық-түлік емес тауарларына–3,4%, ақылы қызметтерге 2% қымбаттады.
Атап айтқанда, баға көтерілді: жармаларға – 21,5%, картопқа – 21%, жемістерге – 18,4%, қой етіне – 12,9%, құмшекерге – 12,3%, ұнға – 12,1%, макарон өнімдеріне – 10,7%, сары майға – 9,9%, мәйекті ірімшікке – 9,3%, жылқы етіне – 9,1%, сиыр етіне – 8,1%, шайға – 7,8%, мұздатылған балыққа – 7,3%, шұжық өнімдеріне, шошқа етіне – 6,6%-дан, тоқаш және ұннан дайындалған өнімдерге – 5,8%, пастерленген сүтке – 5,2%, нанға – 4,5%, сүзбеге 3,4%.
Темекі өнімдері – 10,8%, минералды және ауызсу – 8,9%, салқындатылған сусындар – 6,5%, алкогольді сусындар 6% қымбаттады.
Бұдан бөлек, баға дәрі-дәрмекке – 7,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 7,1%, тұрмыстық аспаптарға – 5%, құрылыс материалдарына – 4,9%, автомобильдерге – 4,7%, ноутбуктерге – 3,3%, кеңсе тауарларына 3,2% жоғарылады. Бензин 2,6% қымбаттады.
Сондай-ақ баға жерлеу қызметтеріне 5,7% артқан. Денсаулық сақтау қызметтеріне –4,3%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 3,8%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,5% өсті.
Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2,2% жоғарылады. Қалалық көлікпен (такси) жол жүру ақысы – 6%, пойыз билеттері – 4,4% қымбаттады. Қоқыс шығару бағасы – 11,1%, электр энергиясына 3,5% артты.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 6,1%, жаңа жиналған көкөністерге – 4,6%, сөкке – 2,4%, күрішке 2% тіркелді. Авиабилеттер –6,2%, дизель отыны 3,2%, ыстық суға тарифтер– 5,5%, орталықтан жылытуға – 3,4%, кәрізге – 3,1%, суық суға 2,2% арзандады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала