жұма, 27 желтоқсан, 2024 0:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ішкі жалпы өнім 3 пайызға төмендеді

Қазақстанда ішкі жалпы өнім 3 пайызға төмендеді
ашық дереккөзі
Қазақстанда ішкі жалпы өнім 3 пайызға төмендеді
Соңғы сегіз айда елдің ішкі жалпы өнімі 3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Қаңтар-тамыз айлары аралығында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берген министрдің айтуынша, экономиканың нақты секторында өсім байқалуда. Олар -  құрылыс, ауылшаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі. "Дайын тауарлар экспортының ұлғаюы байқалады. Жылдық инфляция 7 процентке дейін бәсеңдеді. Тауарлар өндірісі 1,7 пайызға өсті, сонымен қатар көрсетілетін қызметтер 6,1 пайызға қысқарды. Нәтижесінде жалпы ішкі өнім 3 пайызға қысқарған", - деді ол. Өндірістік сектор салаларында, оның ішінде құрылыс 6,5 %, ауылшаруашылығы 4,9 % және өңдеу өнеркәсібі 3,3 % өсу көрсетті. "Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижесін көрсетуде. Мәселен есепті кезеңде машина жасау, 51 пайызға, фармацевтика 34,1 пайызға, дайын металдар өндірісі 38,8 пайызға артқан. Есепті кезеңде Қазақстан әлемнің 105 еліне тауар экспорттады. Автомобиль экспорты 7 пайызға, күнбағыс майы 74 пайызға артқан", - деді министр.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар