бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 15:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда «Взаймы» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қазақстанда «Взаймы» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ұйым «Микроқаржылық қызмет туралы» заңды бірнеше рет бұзған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Взаймы микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Ұйым Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жұмыс істеген», - деп хабарлайды агенттік.

Енді бұл мекеме лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, бұл ұйымнан несие алған азаматтар несиелерін төлеуге міндетті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар