жұма, 22 қараша, 2024 17:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азық-түлік тапшылығы ұлғаюы мүмкін

Азық-түлік тапшылығы ұлғаюы мүмкін
ашық дереккөзі
Азық-түлік тапшылығы ұлғаюы мүмкін
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Тұрақты комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Бейнеконференция байланысы сипатында өткен отырыс барысында коронавирус пандемиясы жағдайындағы ұйымның қазіргі қызметі туралы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Георгий Церетелидің және Бас хатшы Роберто Монтелланың ақпа­ра­ты тыңдалды. Карантин шаралары­на қарамастан, ЕҚЫҰ сайлауды (АҚШ, Грузия, Черногория және та­ғы басқа елдердегі) байқауға қатысу жөніндегі жұ­мыс­тарды белсенді түрде жалғас­тырып отыр. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясының төр­ағасы, сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан мен Қыр­ғыз­станда бола­тын сайлауға мониторинг жүргізу жөнін­дегі алда тұрған жұмыстарды атап өтті. БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдар­ла­масының (WFP) атқарушы директоры, 2020 жылы Нобель сыйлығын алған Дэвид Бизли негізгі баяндамашы ретінде COVID-19 таралғаннан кейін халықтың табысы төмен елдерде азық-түлік тапшылығы қиындай түсетіні туралы айтты. «2020 жыл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі азық-түлік қауіпсіздігі мен гуманитарлық дағдарыс тұрғысында ең ауыр жыл болды. Коро­навирус пандемиясына байланысты аштыққа душар болатын адам саны 135 миллионнан 270 миллионға дейін өсті», деді Дэвид Бизли. WFP атқарушы директоры елдерді COVID-19 әсерінің басқа да мәселелеріне, атап айтқанда денсаулық сақтау жүйесі мен азық-түлік тапшылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігіне назар аударуға шақырды.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар