Баянды бағдарламалар әлеуметтің әлеуетін арттыруда
- авторjambylinfo.kz
- 11 желтоқсан, 2020
- 243
Жамбыл ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Оның шарапатын бүгінде бұқара көріп, алғысын айтуда, – деп хабарлайды Jambylinfo.
Мәселен «Өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 246,3 миллион теңгеге 1 жоба іске асырылуда. Аталған жоба Шоқай ауылын сумен қамтитын болады.
Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел жолы 94,4 миллион теңгеге жөндеуден өтсе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 5,5 миллиард теңгеге 96 жоба іске асырылуда. Жобалар 922 адамды жұмыспен қамтиды деп күтілуде. 99 жобаның ішінде білім саласы, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, ауызсу, газ, жол мен көпір жөндеу, абаттандыру, жарықтандыру мен канал құрылысы да бар.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасына келсек, 11 нысанға 634,2 миллион теңге бөлініп, жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 адам жұмысқа орналастырылған. Жалпы биыл жұмыспен қамту мекемесінде жұмыссыз ретінде тізімде тұрған азаматтарды құрылысқа тарту ерекше қарқын алғанын айта кеткен жөн. Олардың күшімен есепті кезеңде мектеп, мәдениет үйі, әмбебап спорт кешенінің құрылысы мен 5 ауылдағы 8 ауылішілік көшелер жөнделгені жағымды жаңалық. Мұндай бастамаға құрылысқа жауапты мердігерлердің қолдау білдіріп отырғандығы қандай мақтауға да лайық.
«Аумақтарды дамыту бағдарламасына тоқталсақ» биыл ауданда 569,4 миллион теңгеге 1 жоба іске асырылуда. Ол – Түркісіб ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша болса, 10 айда барлығы 619,9 миллион теңгеге 46 жоба жүзеге асқан.
«Еңбек» бағдарламасының да елге тигізіп жатқан пайдасы орасан. Биыл бұл бағытта 1,6 миллиард теңгеге 2723 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 3073 адам еңбекке тартылып, жоспар 112,8 пайызға артығымен орындалып отыр.
Жекелей айтсақ баағдарламаны бірінші бағыты аясында 43,4 миллион теңгеге 160 адамды кәсіптік оқытудан өткізу көзделсе, бүгінде 170 адам мерзімді оқу курсына жолданған.
Екінші бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамытуда 156 жұмыссыз азаматқа 627,6 миллион теңге несие және 1025 адамға 569 миллион теңге көлемінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру гранты тағайындалса, 10 айда 157 адамға 631,4 милион теңге несие беріліп, 1025 азаматқа 569 миллион теңгелік мемлекеттік грант үлестірілген. Сондай-ақ «Бастау бизнес» шеңберінде 370 адамды оқыту жылдық жоспарға енгізілсе, мұнда да жоспар артығымен орындалып, 373 адам оқудан өткен.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты, яғни жоғарыды атап өткеніміздей жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандарды құрылысқа тарту жүйелі жалғасын тапқан. Жыл ішінде 363,1 миллион теңгеге 1012 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 1348 адам жұмыс жасап жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз