сенбі, 23 қараша, 2024 0:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақта бағдарламалар  нәтижесін беруде

Байзақта бағдарламалар  нәтижесін беруде
ашық дереккөзі
Байзақта бағдарламалар  нәтижесін беруде

Үстіміздегі жылы аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан бірқатар ауқымды істер жүзеге асырылуда. Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі тоғыз ай көрсеткіші бойынша 4199,8 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,2% құрады. Ал, келесі он айға жоспар 4356,9 млн. теңгеге жоспарланып, меже бойынша нақты көлем индексі 100,1% күтілуде. 4377,6 млн. теңгеге болжанған меженің жылдық жоспарын он айдың қорытындысымен орындау жоспарланып отыр.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9 айға 16071,5 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 147,9%-ды құрап отыр. 10 айға жоспар 17338,2 млн. теңге болса, нақты көлем индексі 147,3% күтілуде. Жоспарланған 22769,6 млн. теңге жылдық межені асыра орындалуы жоспарда.

Бөлшек сауда айналымы 8606,2 млн. теңгені, нақты көлем индексі 100,5% көрсеткіш көрсетсе, он айға жоспар 9956,2 млн. теңге, нақты көлем индексі 108,2%  күтілуде. Көлем индексінің төмендеу себебі карантинге байланысты орын алуда.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 7 545 болса, оның ішінде, 6 511 немесе 87% жұмыс істеп тұр.

Атап айтқанда, 4 213 дара кәсіпкердің 3 355-і немесе 80%, 2 910 шаруа (фермерлер) қожалықтарының 2 851 немесе 98% және 421 шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаның 304-і немесе 73% жұмыс істеуде. Меже бойынша 6 586 жоспарланған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары санының өсу динамикасы баяулап отыр. Оған еліміздегі карантинге байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің уақытша тоқтап тұрғандығы себеп болуда. Өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 110% және жұмыс істеп тұрғандарының саны 90% құрады.

Қазақстан Республикасының «Индустриалды - инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да ауқымды істер жүргізілуде. Жаңатұрмыс ауылдық округінде жеке кәсіпкер «Жабатаева Лаззат» жалпы құны 435,0 млн. теңгеге «Көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 3,0 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысы» инновациялық жобасын өз қаражатына іске асыруда. Бүгінгі күнге 3,0 гектар жер телімі бөлініп, ұңғыма (скважина) қазылып, электр желісі тартылды. Жобалық - сметалық құжаттары дайындалып, құрылыс нысандарының астына шағал жастығы төселді. 7,0 млн. теңгеге арматура сатып алынып, жер телімі қоршалып 60% құрылыс жұмыстар жүргізілді. Келер жылы іске қосылуы күтіліп отырған жоба аясында 160,0 млн. теңге қаражат игерілді.

Бурыл ауылдық округінде, «GRAND FOODS PREMIUM» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жалпы құны 500,0 млн. теңге «Жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу цехының құрылысы мен өндірістік жабдықтарын сатып алу» бизнес-жобасы жасалып, өңірдің индустриаландыру картасына енгізу бойынша құжаттары дайындалып, жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралды. Аталмыш кеңесте мақұлданданған жоба 2021 жылы іске асырылады.

Көктал ауылдық округінде, «Аллель Агро» Акционерлік қоғамы, жалпы құны 25600,0 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 44 000 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жобасын іске асыруда.

Көктал ауылдық округінде 13 құс өсіру нысанының құрылысы 70 пайызға, сонымен қатар, 12 құс өсіру нысанына тиесілі 1 блогының құрылысы 90 пайызға аяқталды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған жағдайда аудан көлемінде 680 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті бюджетке 540 млн. теңге қаражат түседі. Оның 30 мың тонна құс еті Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне экспорталады. Жоба құны 5 млрд. теңгені құрайды. Жоба құрылысы 2021 жылы басталады.

Ботамойнақ ауылдық округі, Үшбұлақ елді мекенінде жем цехын соғу жоспарда тұр.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жұмыстар қолға алынып, нәтижесінде барлығы 21 жоба мақұлданды, жалпы құны 4,9 млрд. теңгені құрайды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы Бәйтерек, Ботамойнақ, Қызыл жұлдыз, Сарыкемер, Дихан ауылдық округтері мен Көктал ауылында жұмыстар атқарылғанын атап өтуге болады. Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Бегей» жеке кәсіпкерлігі 15,0 млн. теңге, «Магнолия» жеке кәсіпкерлігі 79,1 млн. теңге, «Ilyias» жеке кәсіпкерлігі 12,0 млн. теңге, «Нина и компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80,0 млн. теңге, «Дулат» шаруа қожалығы 37,7 млн. теңге, кепілдеме арқылы «Бегей» жеке кәсіпкерлігі 15,0 млн. теңге, «Сламов» жеке кәсіпкерлігі 20,0 млн. теңге, инфрақұрылым бойынша «КазЭкофрукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 102,522 млн. теңге тұратын жоба АҮК –те мақұлданып, қаражат күтілуде.

 «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған өтеусіз негізде беру мемлекеттік гранттары бөлінді.

Үстіміздегі жылдың 24 тамызында конкурска ауданнан 52 үміткер қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша «Бірлік» және «Арслан» жеке кәсіпкерліктері 5,0 млн. теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алды.

Айдын АЛТАЙ,

аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар