жұма, 26 сәуір, 2024 5:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бірлігі бекем берекелі ауыл

Бірлігі бекем берекелі ауыл
ашық дереккөзі
Бірлігі бекем берекелі ауыл

Мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын көріп жатқан елді мекеннің бірі - Қызыл жұлдыз ауылы. Тараз  қаласымен іргелес жатқан округтің аумағы 364,0 гектарды құрайды. Түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ауылдан өткен ғасырдың қырқыншы-елуінші жылдары Мәрзия Ибрагимова, Дариға Жантоқова, Мұхамедқали Нұрбаев, Сындыбала Оңғарбаева сынды 9 Еңбек Ерлері шыққан.

Халықтың мұнда көп қоныстануын қазіргі таңда елді мекеннің облыс орталығына жақындығымен байланыстыруға болады. Бүгінгі таңда округте 952 аулада, 6 390 адам  тұрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті салық түсімдері, атап айтқанда, жер салығы 102,9 процентке, мүлік салығы - 106,0 процентке, ал жеке тұлғаның көлік салығы - 55,8 процентке, жеке табыс салығы - 99,1 процентке, коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістер - 14,4 процентке, заңды тұлғалардың көлік салығы - 24,0 процентке орындалды. Төрт түлік малдың басы мен үй құстары өсіп келеді.

Мұнда 1 орта мектеп, 5 балалар бақшасы, 1 мәдениет үйі және 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория тұрғындарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес те өркен жайған. 5 автокөлік жөндеу және 4 көлік жуу орталықтары, ұн өнімдерін шығаратын «Rola-7» ЖШС-і, 16 сауда нүктесі, 5 шаштараз, 2 дәріхана, 1 демалыс орталығы және 3 наубайхана бар. Ағымдағы жылы 1 көлік жуу орны және 1 шаштараз іске қосылды.

Іргелі өндіріс орны саналатын "Rola-7" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  17 түрлі сапалы ұн өнімдерін өндіреді. 2008 жылдан бастап аталған кәсіпорынның өнімдері экспортқа шығарылуда.

Жұмыссыздықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. Округте 45 азамат уəкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 25-і “Жұмыспен қамту жол картасы” бойынша жұмысқа орналасса, қалған 20-сы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасымен кәсіпкерлік әліппесін игерген 27 азаматтың 23-і қайтарымсыз, жалпы 12 млн. 650 мың теңге грантқа, 4 азамат  13 млн. 800 мың теңге несиеге қол жеткізіп, кәсіптен нәсібін табуда. Аталған бағдарлама аясында 1 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы қысқа мерзімді оқудан өтіп, шаштаразшы болып жұмысқа орналасты.

«Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз» деп Бейімбет Майлин айтқандай, келешегі кемел, болашағы жарқын ауылдың тұрғындарын жайылым мәселесі толғандырады. Түйінді мәселенің болашақта шешімі табылары анық.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар