Биыл Қазақстанда 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қазан, 2024
- 161
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда соңғы 5 жылда өндіріс көлемі заттай түрде 4 есеге өсті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер отандық өндірістің, оның ішінде CLAAS, Horsch, Deutz Fahr әлемдік брендтерінің заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл жаңа ірі инвесторлар – Amazone және Zoomlion келді.
Ірі габаритті бөлшектер өндірісі іске қосылды: трактор кабиналары мен комбайн бункерлері. Өндірушілер мен сабақтас өндірістер арасында кооперация жолға қойылған. Қостанай қаласында Локализация орталығы құрылды, онда компоненттік базаны өндіру бойынша цехтар ұйымдастырылды.
Секторды одан әрі дамыту аспалы және тіркемелі техника шығаруды ұлғайтуға бағытталатын болады.