Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында утиль алымының ставкасын төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айтуынша, депутаттарға азаматтардан кедендік алымдар, утиль алымының мөлшері мен импортталатын автомобильдерді тіркеу туралы көптеген өтініш түседі. Бұл мәселеге қатысты үкіметке де бірнеше рет депутаттық сауал жолданды, алайда нақты экономикалық міндеттерге, ғылыми тұжырымдарға негізделген және екі тарапты да қанағаттандыратын шешім әлі табылған жоқ. Соның салдарынан қарапайым қазақстандықтардың автокөлік сатып алуы қиындап барады.
«Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі заңды және жеке тұлғалар үшін бірдей. Ал Ресей мен Беларусьте жеке тұлғалар үшін жеке тарифтер әлдеқайда төмен болып келеді. Сонымен қатар сарапшылар жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы халықты жаңа автомобильдермен қамтамасыз ету мақсатына жете алмады деген қорытындыға келген», дейді Орынбасаров.
Депутат жаңа және сапалы автомобильдерге қол жеткізудің қиындығы машинаны есепке қоюдағы заңсыздықтың көбеюіне де себеп болғанын атап өтті. Осыған байланысты сенатор үкімет басшысына утиль алымын төмендетуді, кедендік баж бен автомобильді тіркегені үшін алым мөлшерін азайтуды ұсынды.
«Қозғалтқыш көлемі екі мың текше сантиметрге дейінгі, шыққанына үш жылдан аспаған автомобильдер үшін утиль алымының мөлшерін 150 000 теңгеден аспайтындай етіп қайта қарауды сұраймын. Кедендік бажды есептеу кезінде кедендік торды азайту жағына қарай қайта қарау керек. Қазіргі уақытта автокөліктердің көпшілігі, әсіресе, Қытайдан Қазақстанға Қырғыз Республикасы арқылы әкелінетін фактілер бар. Өйткені автокөлік иелері қосымша құн салығы мен бажды біздің елге қарағанда бірнеше есе аз төлейді», - дейді сенатор.
Сондай-ақ Орынбасаров шығарылған жылын қоса алғанда, бес жылға дейінгі көліктерді мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемесін 0,25 АЕК көлемінде қарастыруды ұсынды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда Пан Ги Мунмен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024