Экономика
Доллар бағамы қатты құлдырайды. Сарапшы оның үш себебін атады
- авторjambylinfo.kz
- 28 қыркүйек, 2020
- 221
Доллар бағамы қатты құлдырайды. Сарапшы оның үш себебін атады
Экономист доллардың индексі 2021 жылдың аяғында 35 пайызға төмендейді деп болжайды.
Жақын күндері АҚШ долларының бағамы күрт төмендейді деп болжанады. Мұндай пікірді Morgan Stanley Asia компаниясының бұрынғы басшысы және бас экономисі, Йель университетінің зерттеушісі Стивен Роуч айтты.
РИА Новостидің хабарлауынша, сарапшы америкалық валютаның нақты тиімді айырбас бағамы мамырдан тамызға дейін 4,3 пайызға төмендегеніне назар аудартады. Дегенмен, Роучтың пікірінше, доллар ең жоғары бағаланған негізгі әлемдік валютаның бірі болып қала береді.
Экономист доллардың индексі 2021 жылдың аяғында 35 пайызға төмендейді деп болжап, оған ықпал етуші үш факторды атайды.
Сарапшы АҚШ-тағы макроэкономикалық тепе-теңдіктің күрт өсуі, евро және юань сияқты баламалы валюталардың рөлінің артып, керісінше америкалық валюта тартымдылығының әлсіреуі сынды үш факторға тоқталды. Автор мұндағы бірінші факторға ерекше назар аудартады.Оның пікірінше, АҚШ экономикасындағы тепе-теңдіктің күрт өсуіне ішкі жинақ көлемінің рекордтық құлдырауы мен ағымдағы операциялар шоты тапшылығының өсуінен туындайды.
- Демек, доллар енді құлдырай бастайды, - дейді Роуч.zakon.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала