Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжам, сондай-ақ пандемия кезіндегі әлем нарығындағы экономикалық ахуалға жасалған шолу таныстырылды.
Елбасына қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жағдайын, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерін басқару жұмыстарының алдын-ала нәтижелерін баяндады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала