жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде жалпы ішкі өнім өсімі 6,5%-ды құрады

Елімізде жалпы ішкі өнім өсімі 6,5%-ды құрады
Фото: freepik
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті.

Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ға жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өсудің негізгі факторлары сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика болды.

Өнеркәсіп 7,6%-ға өсті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 6,5%-ды құраған өңдеу секторындағы өсім қарқынының жеделдеуі байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлері: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%) салалары.
Сауда негізінен көтерме сауда есебінен 8,9%-ға өсті, оның саладағы үлесі 66,6%-ды құрайды. Ең жоғары өсу қарқыны Шымкент (+21,3%), Шығыс Қазақстан (+5,7%) және Жетісу (+0,6%) облыстарында тіркелді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар