Экономика
Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме?
- авторjambylinfo.kz
- 18 тамыз, 2020
- 217
Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме?
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі тоқтап тұрған салаларды мемлекеттік қолдау шараларын қарастырып жатыр. 42 500 теңге төлеу мәселесі қозғалып отырған жоқ.
Карантин жеңілдетілгенімен, қызметі әлі де тоқтап тұрған салаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бірақ 42 500 теңге төленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов мәлімдеді.
Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Десе де кейбір нысандар наурыз айының ортасынан бері жабық. Мәселен, кинотеатрлар, караоке, бассейндер және тағы басқа нысандар әлі ашылмады.
"Қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қызметі тоқтап тұрған салаларды мемлекеттік қолдау шараларын қарастырып жатыр. Сондықтан 42 500 теңгені төлеуді жалғастыру туралы мәселе қозғалып отырған жоқ", - деді Шапкенов баспасөз мәслихатында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бірқатар кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастады
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024