бейсенбі, 2 мамыр, 2024 10:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Кезекті балықтандыру жалғасуда

Кезекті балықтандыру жалғасуда
ашық дереккөзі
Кезекті балықтандыру жалғасуда
Бұл жолы балықтандыруда «Дәуітбай», «Кіші Ақкөл», «Бекнұр», «Сапарқұл», «Корейское», «Ленинский-Комсомольский», «Болатбек» балық шаруашылығы су айдындарына шабақтар жіберілді. Жіберілген шабақтар өңіріміздегі «Сандель», «Каскад шөміш», «Чергенов А.Д.» шаруақожалықтарының тәлімбақтарынан алынды. Байзақ ауданында орналасқан «Дәуітбай» балық шаруашылығы су айдыны 2000 дана тұқы тұқымдас шабақтарды жіберді. Шабақтар облыс аумағындағы «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды. «Кіші Ақкөл» балық шаруашылығы су айдыны «Хе Виктор» жеке кәсіпкерлігіне бекітіліп берілген. Балық шаруашылығы су айдыны Жамбыл ауданы аумағында орналасқан. Кезекті балықтандыру жұмысы кезінде су айдынға 8500 дана шабақтар жіберілді. Кәсіпкерлік шабақтың тұқы тұқымдас, ақ амур, дөңмаңдай секілді түрлерін өсіруге ниетті. Шабақтар Қордай ауданы аумағындағы «Рзаев» жеке кәсіпкердің «Каскад шөміш» балық шаруашылығы су айдынынан алынды. «Бекнұр» балық шаруашылығы су айдыны болса, 2000 дана тұқы тұқымдас шабақтарды жіберді. «Сейфулла» шаруа қожалығына бекітіліп берілген бұл су айдыны Жамбыл ауданы аумағында орналасқан. Аталмыш су айдында балық тұқымдарын қуатты «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алды. «БЕКБАУОВ» шаруа қожалығына бектіліп берілген «Сапарқұл» балық шаруашылығы су айдынына да 2000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберді. Жамбыл ауданы аумағында орналасқан бұл кәсіпкерлік те Шабақтарын «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алды. «Корейское» балық шаурашылығы су айдыны «Смирнов А.М.» жеке кәсіпкерге бекітіліп берілген болатын. Күзгі балықтандыру кезінде шаруақожалық 3000 дана тұқы тұқымдас шабақ түрлерін жіберді. Аталмыш су айдыны Жуалы ауданы аумағында орналасқан. Бұл қожалыққа да «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды. «Ленинский Комсомольский» балық шаурашылығы су айдыны болса 5000 дана тұқы тұқымдас, 1000 дана ақ амур шабақтарын өсірмек. Шабақтар облыс аумағындағы «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды. «Болатбек» балық шаруашылығы су айдыны «Сәтжанова Р.С.» жеке кәсіпкерлігіне бекітіліп берілген. Байзақ ауданы аумағында орналасқан су айдынына 1600 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Шабақтар облыс аумағындағы «Чергенов А.Д.» жеке кәсіпкердің балық өсіру тәлім бағынан алынды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар