Әлия Назарбаевадан босаған бизнесте 200 жуық компания жұмыс істей алады
- авторИндира Тәліпқызы
- 28 наурыз, 2024
- 692
Экология және табиғи ресурстар министрі «ӨКМ Операторы» зауыттарының мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.
«Шын мәнінде, «ӨКМ»-нің мемлекет меншігіне берілуі сот дауларының қорытындысына байланысты. Қазір зауыттар мемлекеттік мүлік комитетінің құзырында. Бұрын монополия болған. Бүгін біз нарықты зерттедік, өзгерістер енгіздік. Бүгінде рұқсаты бар кәсіпорындар кәдеге жаратумен айналысуға құқылы. Елде 196 кәсіпорын бар. Мүмкін бәрі бірдей жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ кез келген жағдайда әр аймақта бизнес дамып, көлікті кәдеге жаратумен айналысады, - деді министр.
Еске сала кетейік, бірінші сатыдағы сот 2023 жылдың шілдесінде «ӨКМ Операторының» ісі бойынша үкім шығарған еді. Сол кезде экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, Коротенко және бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек кінәлі деп танылып, бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы 26,8 млрд теңгені құрады.
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024