Ұлттық банк шілдеде 591 миллион доллар сатты
Шілденің қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,89 теңге болды. Осылайша теңге 1,4%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 122 миллионнан 146 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады.
Өткен айда квазимемлекеттік сектор субъектілері валюталық түсімді шамамен 195 млн АҚШ долларына сатты. Квазимемлекеттік сектордағы компаниялар екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында өз бетінше сатуды жалғастырып жатыр.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін шілдеде 591 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 20%-ын және күніне 30 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады, – делінген ресми ақпаратта.Шілдеде Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды. Оның жалпы сомасы 240 млн АҚШ долларын немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 8%-ын құрады. Ұлттық Банк шілдеде валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Тамызда Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады. Тамызда Ұлттық Банк қажетті трансферттер сомасы бойынша Ұлттық қордан 750 миллионнан 800 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды алдын ала жоспарлап отыр. Ол Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде жүзеге асады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024