Мемлекеттік бағдарламалар - шаруашылықтар игілігі үшін
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2020
- 248
Осы жылдың 9 айында Байзақ ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 33 млрд. 890,5 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7 % құрады. Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5 млрд. 235,6 млн. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,9 % құрады.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру жұмыстары атқарылуда. 2020 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін жалпы сомасы 33,8 млн. теңгені құрайтын 7 шаруа қожалық несиелендірілді. Атап айтқанда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 9 млн. теңгеге 2 шаруа қожалық, «Құлан-Дән» несие серіктестігі арқылы 2 шаруа қожалық 8,8 млн. теңгеге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 3 шаруа қожалық 16 млн. теңгеге несиелендірілді. Мал шаруашылығын дамыту бойынша 20 шаруа қожалық 217,3 млн. теңгеге несиелендірілді. Олар: Бәйтерек ауылдық округінен 2 ш/қ, Ботамойнақ ауылдық округінен 2 ш/қ, Бурыл ауылдық округінен 2 ш/қ, Диқан ауылдық округінен 2 ш/қ, Жаңатұрмыс ауылдық округінен 1 ш/қ, Мырзатай ауылдық округінен 1 ш/қ, Сазтерек ауылдық округінен 2 ш/қ, Сарыкемер ауылдық округінен 2 ш/қ, Суханбаев ауылдық округінен 4 ш/қ, Темірбек пен Үлгілі ауылдық округтерінен бір-бір шаруа қожалық несиеге қол жеткізді. Оның ішінде, қой сатып алу бағытында 15 шаруа қожалық 193,5 млн. теңге, мүйізді ірі қара сатып алу бағытында 3 шаруа қожалық 11 млн. теңге және жылқы сатып алу бағытында 2 шаруа қожалық 12,8 млн. теңге. Бұл қаражатқа 3 325 бас қой, 37 бас МІҚ және 65 бас жылқы сатып алынды. Бұдан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы 2 шаруашылық 36 млн. теңгеге 3 дана трактор алды.
Бүгінгі күнге, несие алу үшін 1 шаруа қожалық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на және 3 шаруа қожалық «Құлан-Дән» несиелік серіктестігіне құжаттарын өткізді. Ал, 1 шаруа қожалықтың «ҚазАгроФинанс» АҚ-на құжаттары рәсімделуде (Дихан-1, Жалғызтөбе-1, Көптерек-2 және Түймекент-1 ауылдық округтерінен).
Аудан көлемінде жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, жыл сайын жылыжайлар саны мен көлемі артуда. Аудан бойынша жалпы көлемі 5,2 гектарды құрайтын 5 жылыжайлар шаруашылығы (оның 2-еуі өнеркәсіптік және 3-еуі фермерлік үлгіде) және 0,95 гектарды құрайтын 9 отбасылық жылыжай жұмыс істейді. Бүгінгі күнге, аудан бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 6,13 гектарды құрап отыр.
Ағын су тапшылығына байланысты, соңғы жылдары шаруашылықтар жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алып, су үнемдеу технологиясын қолданғандықтан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда өнімді екі есеге дейін артық алуда. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары тамшылатып суару технологиясын 2018 жылы 1 240 га алқапқа енгізсе, былтыр бұл көлем 1 330 гектарды құрады. Ал, биылғы жылы бұл көлем 1 702 гектарға артып, аудан бойынша 3 032 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиялары енгізілді.
Бұл аталған жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламалар ауданның шаруашылықтарының игілігі үшін өз жалғастарын табатын болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз