
Ұлттық банктің 1 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,81 теңге
Мегаполистердегі ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің 1 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,51 теңге. Еуро — 578,59
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510,03 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 576, сату құны — 581.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,29 — 6,53 аралығында саудаланып жатыр.