Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 486 — 492 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің 31 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,45 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге. Еуро — 529,19.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 486,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 489,1 теңге. Еуро 528 — 532 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 492 теңге.Еуро 526 теңгеден сатылып, 532 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 — 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 30 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,96 теңгеге төмендеп, 488,39 теңге болған.