дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үндістанмен тауар айналымы 2,2 есе ұлғайды

Үндістанмен тауар айналымы 2,2 есе ұлғайды
ашық дереккөзі
Үндістанмен тауар айналымы 2,2 есе ұлғайды
Жуырда Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 7-отырысы өтті.
Онлайн режімдегі бейнеконференция Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Бидьют Бехари Свейннің теңтөрағалығымен өтті. Шараға екі елдің Төтенше және өкілетті елшілері, сондай-ақ мүдделі мем­лекеттік органдары мен ұйым­дарының өкілдері қатысты. Қайрат Төребаев атап өткен­дей, Қазақстан Үндістанмен өзара тиімді сауда-экономика­лық ын­ты­мақтастықты одан әрі да­мы­­­туға үлкен мән бере­ді. Жұ­мыс тобының осы жолғы он­ла­йн жиыны Қазақстан бас­шы­сы Қ.Тоқаевтың Үндістанға сапарына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады. Отырыста қызмет көрсету­дің түрлі салаларындағы ынтымақ­тастық мәселелері талқыланды. Сауда, инвестициялар, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп және тағы басқа салалардағы атқарылған жұмыстар екі мемлекеттің ара­сындағы сауда көлемінің ұлға­юына оң әсер етуі тиіс. Талқылау барысында қазақ­стандық тарап үнді тарапын металлургия, тамақ, химия, машина жасау өнеркәсібі және құрылыс тауарлары сияқты салаларда жалпы сомасы 271,4 млн долларды 60 түрлі тауарды жеткізе алатынын айтып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін ұлғайту мүмкіндігін жеткізді. Әріптес елге Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен Иран арқылы Үнді­станға логистикалық сервис ұсынды. Екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын одан әрі дамыту мақ­сатында біздің тарап Ауғанстан мен Үндістанды Орталық Азиямен және Еуропамен, Орал, Сібір және Қиыр шығыс өңірлерімен байланыстыратын «Солтүстік-Оңтүстік» Орталық Азия көлік-транзиттік экономикалық дәлізін дамыту туралы бірлескен зерттеу жүргізуді ұсынды. 2019 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айна­лымы 1,9 млрд АҚШ долларын құрағанын айта кетейік. Бұл 2018 жылға қарағанда 55,8%-ға жоғары көрсеткіш. Қазақ­станнан Үндістанға жіберілген экс­порт көлемі былтыр 65%-ға өсіп, 1,6 млрд долларға жетті. Үнді­станнан келетін импорт болса 20,1-ға ұлғайып, 291,6 млн доллар болды. Биыл жеті айда екі ел арасындағы тауар айналымы 2,2 есе артқанын да атап өткен ләзім.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар