Несиелері кешірілген қазақстандықтар банктерге тағы қарыз болып қалған – Әбілқасымова
- авторjambylinfo.kz
- 6 наурыз, 2024
- 498
Төрт жыл бұрын несиелері кешірілген азаматтар тағы да қарызға батып, бір бөлігі кредиттерін төлей алмай жүр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Өкінішке қарай, 2019 жылы несиелік амнистияға іліккен қарыз алушылардың көбісі тағы кредит алған. Бір бөлігі несиелерін өтей алмай жүр. Сол себепті бүгінгі заң жобасы кредит беру стандарттарын күшейтуге және проблемалық несиелері бар азаматтардың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған», деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, бұл азаматтардың төлем қабілеттілігін дұрыс бағалауға қатысты мәселе. Адамдарға кредит алуға тыйым сала алмайды. Агенттік төрағасы банктерге қайтадан қарыз болып қалған борышкерлердің нақты санын кейінірек ұсынуға уәде берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы жазда президент кепілсіз тұтынушылық несиелерді кешіру туралы тапсырма берген болатын. Несиелік амнистияға көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар және тағы басқалары іліккен еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз