сенбі, 23 қараша, 2024 4:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құрылыс сапасы қатаң бақылауда болады

Құрылыс сапасы қатаң бақылауда болады
ашық дереккөзі
Құрылыс сапасы қатаң бақылауда болады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралау барысында білім ошақтарына ат басын бұрып, құрылыс және жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдары іргесі қаланған №4 орта мектептің ескі ғимараты бұзылып, оның орнына жаңа ғимарат бой көтеруде. Кезекші сынып оқушылары әзірге көрші №33 мектепте оқып жатыр. Жаңа ғимаратта оқу сыныптары, акт және спорт залдары, асхана, кітапхана және бірнеше шеберхана болмақ. Жоспар бойынша нысан келер жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс. Апатты жағдайдағы №2 орта мектеп ғимараты да сүріліп, қайта салынып жатыр. Ондағы бастауыш сынып оқушылары №9 мектепте уақытша білім алуда. Құрылысы үш ай бұрын басталған жаңа нысан келер жылдың басында дайын болмақ. Сондай-ақ №22 орта мектепте 600 оқушыға арналған жаңа корпустың құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия ғимаратына жапсарлас құрылыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта мұндағы жұмыстардың 80 пайыздан астамы аяқталған. Жаңа ғимаратта бір ауысымда 300 оқушы оқи алады. Облыс әкімі мектептің жақсы көрсеткіштері назарға алынып, оны кеңейту туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Директор Ләззат Қызылқұлова мұғалімдер білім беруде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін белсенді қолданатынын жеткізді. Қаладағы №20 орта мектеп ғимараты 1962 жылы бой көтерген. Мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталған. Жөндеу жұмыстары аясында жылыту және кәріз жүйелері, шатыр, еден, есік-терезелер, электр желілері ауыстырылуда. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы керек. Бұл білім ордасының кезекші сыныптардағы 100-ден астам оқушысы №40 орта мектепке барып жүр. Өткен ғасырдың ортасында іргесі қаланған Д.Карбышев атындағы №16 орта мектептің бас ғимараты да бұзылып, оның орнына 348 орынға арналған жаңа нысан салынуда. Сондай-ақ ондағы үш корпустың бірі жөндеуден өтуде. Облыс әкімінің сұрақтарына жауап берген мердігер компания өкілдері жұмысшылардың жалақылары уақытылы төленетінін, жергілікті өндірушілердің құрылыс материалдары пайдаланып жатқанын тілге тиек етті. – Барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары мүмкіндігінше тезірек аяқталуы керек. Жұмыс мерзімінің бұзылуына жол бермей, нысандарды ертерек тапсыруға тырысыңыздар. Мектептер дәстүрлі форматта оқытуға көшуге дайын болуы тиіс, – деді облыс әкімі. Сондай-ақ өңір басшысы құрылысшылар санын көбейтуді тапсырды. – Әр компанияның басында бірнеше жобадан бар. Олардың шама шарқы мен мүмкіншілігі алдын-ала есептелуі керек еді. Санға емес, сапаға жұмыс істеңіздер, – деді облыс әкімі. Аймақ басшысы мектеп директорларына тағы да бірнеше ондаған кезекші сынып ашу туралы тапсырма жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар