бейсенбі, 27 наурыз, 2025 11:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Салық реформасы: Осы аптада өңірлерде талқылау өтеді

Салық реформасы: Осы аптада өңірлерде талқылау өтеді
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Үкімет басшысы айтты

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салық реформасы мәселесі қаралды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге  егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды», - деді Олжас Бектенов. 

 Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Мәселен, биылғы 10 ақпанда «Атамекен» палатасымен және кәсіпкерлермен сараланған мөлшерлемелер, арнайы салық режимдері, ҚҚС бойынша есепке қою шегі мәселелері талқыланды.

«Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге  барып егжей-тегжейлі талқылау керек халықтың барлық санаттарымен. Мен де Астанада   және өңірлерге барып, талқылауларды өткіземін. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Салық кодексінің жобасы мен   ілеспе заң жобасына түзетулерді 20-шы ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек. Ары қарай Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз»,-  деп атап өтті Олжас Бектенов. 

 Бүгіннен бастап Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар