сенбі, 28 желтоқсан, 2024 0:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Шаңырақ" бағдарламасы тұрғындарды шаттыққа бөлемек

"Шаңырақ" бағдарламасы тұрғындарды шаттыққа бөлемек
ашық дереккөзі
"Шаңырақ" бағдарламасы тұрғындарды шаттыққа бөлемек

Өңірлік коммуникациялық қызметінің ақпарат алаңында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалы директорының орынбасары Талғат Жақсылықов және бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Бердияр Құттыбаев баспасөз конференциясын өткізді. Журналистермен болған басқосуда спикерлер, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"  " Шаңырақ", "5-10-20" бағдарламасына өтініш беру шарттарын түсіндірді. Брифингте алғаш болып сөз тізгіндеген Талғат Жақсылықовтың айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі «Шаңырақ» пилоттық жобасын "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жүзеге асырады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген. Биыл «Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд. теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" түсіп те үлгерген. – «Шаңырақ» жобасының аясында жеңілдетілген несиені бірінші кезеңде, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады. Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын еңбек және  кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 270 теңгеден аспауы тиіс, – деді Т.Жақсылықов. Ал Бердияр Құттыбаев пәтерлер жеке құрылыс компаниялары соққан үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 18 миллион теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 15 миллион теңгеге дейін, сол секілді қалған өңірлерде 12 миллион теңгеге дейінгі баға ұсынылатынын жеткізді. Бастапқыда әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін 2020 жылдың 17 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта тек hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады делінгенімен, бұл 16 қазанға дейін ұзартылыпты. Аталған мәселе тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты. Айта кетерлігі, ҚР бойынша 2020 жылдың 28 шілде мен 23 қыркүйек аралығында берілген несиелер, жалпы құны 9880 133 058 сомаға 1054 заем құрап отыр, оның ішінде Жамбыл облысында 433 742 400 сомаға 52 заем берілген.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар