бейсенбі, 7 қараша, 2024 3:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шенеунік «ұшақ билеті қашан арзандайды» деген сұраққа билетті күні бұрын сатып алыңыздар деп құтылды

Шенеунік «ұшақ билеті қашан арзандайды» деген сұраққа билетті күні бұрын сатып алыңыздар деп құтылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Вице-министрдің айтуынша, FlyArystan енді бөлек әуе компания атанды

Сенат кулуарында журналистер көлік вице-министрі Талғат Ластаевтан ұшақ билеттерінің бағасы қашан төмендейтінін сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 
Оның айтуынша, баға саясаты шынымен де үлкен мәселе. 


« Шын мәнінде бұл жерде бір ғана жол бар – билетті ерте сатып алу. Біздің қолымызда бар ақпаратқа сүйенсек, FlyArystan жолаушыларының 50 пайызы екі апта бұрын немесе одан ерте сатып алады. Тиісінше ол кезде билеттер әлдеқайда арзан. Егер дәл сол күні сатып алсаңыз, баға да дәл солай болады», - деп түсіндірді Ластаев. 


Билет бағасына әсер ететін тағы бір маңызды мәселе – әуе отынының құны мен тапшылығы. 


«Тарифтердің өзіндік құнының 30-35 пайызы –  бұл әуе отыны. Қазақстанда әуе отыны тапшы, сондықтан оның құны үнемі көтеріледі. Осыған байланысты біз энергетика министрлігімен бірлесіп бұл бағытта тиісті жұмысты атқарып жатырмыз», - деді вице-министр. 

 


Сондай-ақ Ластаев FlyArystan эксплуатанттың бөлек сертификатын алғанын, енді ол бөлек әуе компаниясы саналатынын мәлімдеді. Бірақ FlyArystan – «Эйр Астананың» жүз пайыз еншілес компаниясы. 


«Бұл енді бөлек заңды тұлға, жеке әуе компаниясы», - деді Ластаев. Осылайша FlyArystan-ды «Эйр Астанадан» бөлу процесі аяқталды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар