жексенбі, 24 қараша, 2024 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шілде айында 163 мың жамбылдық 42 500 теңге алды

Шілде айында 163 мың жамбылдық 42 500 теңге алды
ашық дереккөзі
Шілде айында 163 мың жамбылдық 42 500 теңге алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай карантиндік шектеу шараларына байланысты шілде айында табысынан айырылған адамдар 42500 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем ала алады. Бүгінгі таңда облыста төлем жасауға 174 мың 744 адам өтініш берген. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Олжас Баққараевтың айтуынша 163 мың 546 жамбылдыққа мемлекет тарапынан 6,9 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілген. Әлеуметтік көмек алуға өтініш бірнеше арналар арқылы беріледі. Бұған дейін өтінімдер «Электронды Үкімет» порталы, enbek.kz сайты және Telegram боттары арқылы қабылданса, енді кезекте бұл қызмет түрі екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да қолжетімді. – Автоматты түрде, яғни проактивті форматта, облыстың 65 127 тұрғынына әлеуметтік төлем төленді. Олардың қатарында шектеу шаралары салдарынан табысынан айрылғандар, алдыңғы айларда өтініш білдірген және төлем алған адамдар да бар, – деді О.Баққараев. Сонымен қатар әр ауданда штабтар жұмыс істейді. Олардың құрамында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ пен полиция департаментінің өкілдері де бар. Бүгінде штабта келіп түскен 20 342 өтінімнің 20 030-ы қаралып, комиссия мүшелерімен 16 250 өтініш мақұлданса, 3780 өтініш қанағаттандырылмады. Бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауында. Айта кетейік Мемлекет басшысы карантиндік талаптардың күшейтілуіне байланысты тамыз айында елдегі ең төменгі жалақының жартысын төлеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл жолы әлеуметтік төлем алу үшін ешқайда барудың немесе өтінім берудің қажеті жоқ. Олардың есеп шоттарына автоматты түрде 21250 теңге аударылады. Ал 1 тамыздан кейін өтініш бергендерге 1,5 АЕК немесе 63 750 теңге мөлшерінде төлем есептеледі. Әлеуметтік төлемге өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар