TABYS қосымшасы арқылы қазақстандықтар биржалық ноталардың кең спектрінде (ETN) АҚШ долларында аздаған сомамен инвестиция салып, өз жинағын еселеп немесе әртараптандырып, жаһандық нарықтарға жолы ашылады.
Биржалық ноталар – базалық биржалық қорға (ETF) қолжетімділікті қамтамасыз ететін құнды қағаздар, олар акциялардың кең ауқымды спектріне, облигацияларға немесе кейбір жағдайда тауарларға инвестицияланады. Айталық, алтынның құнын қадағалайтын биржалық ноталар «алтын» ETF-ке инвестицияланады (жеке адамдардың алтынын Лондондағы қоймаларда сақтайтын қор). Егер алтын қымбаттаса немесе арзандаса, тиісінше «алтын» биржалық ноталарының бағасы да қымбаттайды немесе арзандайды.
Қазақстандықтар үшін келесі көрсеткіштерге байланысты биржалық ноталардың 9 түрі қолжетімді болады. Атап айтқанда, алтын, капитализациясы жоғары америкалық 500 компанияның акциялары, кірісі жоғары АҚШ компанияларының облигациялары, Brent маркалы мұнай, АҚШ Қазынашылығының вексельдері, АҚШ акцияларының дивидендттері, АҚШ-тың кірістілігі жоғары корпоративті облигациялары, дамушы нарықтардағы компаниялардың акциялары, дамушы нарықтардағы компаниялардың облигациялары.
TABYS — кез келген қазақстандыққа қарапайым және тиімді жолмен құнды қағаздарды сатып алу және сатуды бастауға мүмкіндік беретін қолдануға ыңғайлы әрі сенімді қосымша. Қосымшаның ерекшелігі сол, құнды қағаздардың қолжетімділігі мен биржалық ноталарды сатып алу тетіктері қарапайым. Биржалық ноталардың иесі пайыздық кірісті (егер базалық ETF ETN ұстаушыларына төленетін дивиденттерді өтесе), болмаса құнды қағаздардың бағасының өсімінен түскен кірісті ала алады. TABYS қосымшасындағы барлық операция банк клиентінің бағамы бойынша доллармен жүргізіледі, сондай-ақ кіріске салық салынбайды.
TABYS қосымшасының интерфейсі мен қаржылық білімі аз қолданушыға түсінікті құрылымы бар. 2021 жылдың 30 маусымына дейін TABYS арқылы құнды қағаздарды сатып алу және сату кезінде келісім үшін комиссия алынбайды (қолданушының банкі алатын комиссиядан басқа). Осы мерзімнен кейін әрбір сатып алу немесе сату бойынша жасалған келісімнен 0,5% мөлшерінде немесе кемінде 100 теңгеден комиссия алынады.
2020 жылы маркетингті агенттіктің Қазақстанда жүргізген зерттеуіне сәйкес, сауалдамаға қатысқандардың 60%-ы қор нарығында құнды қағаздарға өз жинағын салуға дайын екенін білдірген, ал 15%-ы инвестиция салу тәжірибесі барын жеткізіп, келешекте құнды қағаздарды сатып алуға қызығушылық танытқан. Жалпы капитал нарығы дамыған елдерде құнды қағаздарға инвестиция салатын халықтың үлесі 50%-дан асады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбыл облысында 91 нысанға аудиттік тексеру жүргізілген
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024