Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылы өзінің бал татитын қауын-қарбызымен белгілі. Биыл аталған елдімекенде тәтті дақылды 120 отбасы еккен. Егілген жер көлемі 30 гектарды құрайды, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті диқандар негізінен қара қауын, Кенжебай , басылбалды, торлама қауындары және бархан қарбызын еккен. Оның ішінде, қара қауын ұзындығы 1 метрге дейін өсіп, 10-15 келіге дейін салмақ береді. Қара қауынның іші қызыл болады, сатылымға, қауынқақ, қауынқұрт жасауға арналып егіледі.
2019 жылы "Божбанова" жеке кәсіпкерлігі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алған болатын. Аталған қаражатқа кәсіпкер қауынқақ кептіретін құрылғы сатып алып, қауынқақ цехын ашуда. Жалпы, егістің бұл түрінен экономикалық тиімділігі отбасына 1 маусымда түсетін орташа табыс көлемі - 450 мың теңгені құрайды. Оның ішінде таза пайда - 400 мың теңге.
Қазіргі таңда еткен еңбек, төккен терлері жемістері өз нәтижесін беруде. Атап айтатын болсақ қарбыздың келісін 70 теңгеден, қауынның 1 келісін 120 теңгеден өткеруде. Ауылдықтар қауын қақ, қауын құрт жасап өз өнімдерін өздері тұтынып, артығын сатуда. Әсілі, бейнеті мен зейнеті мол диханшылар еңбегі қашанда зор құрметке ие.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жас суретшілерге арналған шеберлік сағаты өтті
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024