жексенбі, 24 қараша, 2024 0:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 24 жобаға қаржы бөлінді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 24 жобаға қаржы бөлінді
ашық дереккөзі
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 24 жобаға қаржы бөлінді
Сарысу ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 24 жобаға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Олар: Білім беру саласы бойынша 2 жоба - Ақтоғай орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарыжүргізілуде (ішкі және сыртқы сылақ,жылу жүйесі мен жарықтандыру, абаттандыру, көгеріштендіру және қоршау жұмыстары бітті, терезе есіктері, кафель, линолеум, шатыры ауыстырылды) - Жанна балабақшасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 жоба : -Сарысу аудандық орталық ауруханасы КМҚК жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеу - Орталық аудандық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу (лит А1 бас корпусы, Лит А8 емдік корпусы) -Сарысу ауданының орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК Саудакент ауылының бөлімшесі ғимаратын ішінара күрделі жөндеу Қазіргі таңда бұл нысандар бойынша тиісті жұмыстар жоспарға сай орындалуда. Тұрғын үй саласы бойынша 2 жоба: - Жаңатас қаласы "2" шағын ауданындағы №24 үйді қайта жаңғырту -Жаңатас қаласы "2" шағын ауданындағы №26 үйді қайта жаңғырту Бұл 2 жоба бойынша да жұмыстар жоспарға сай орындалуда. Сумен жабдықтау жүйесі бойынша 2 жоба: - Жаңаталап ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы -Ұйым ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы Бұл 2 жоба бойынша да жұмыстар жоспарға сай орындалуда. Жылыту жүйесі бойынша Жаңатас қалалық қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру бойыншаЖаңатас қаласындағы 3 мөлтек аудандағы үйлердің алдына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар арық науалары орнатылып, жол жиектері мен аркалар орнату жұмыстары жүргізілуде. 8 елді мекеннің жолдары жөндеуден өткізілді, олар: - Ә.Бүркітбаев ауылындағы Түркістан көшесін орта жөндеу;; -Арыстанды ауылының бойындағы жолды орташа жөндеу ; -Жаңаталап ауылындағы Сәдуақасов көшесін жарықтандыру және жол жабындысын орташа жөндеу; -Жайылма ауылындағы Б. Серікбаев көшесінің жол жабындысын жөндеу; -Қызылдихан ауылындағы Қызылдихан көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу; -Ақтам ауылындағы Ақтам көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу; -Үшарал ауылындағы Елімбай көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу; -Майлыкөл ауылы Майлыкөл көшесінің жол жабынын орташа жөндеу. Каналдар бойынша 3 жоба; -Жайылма ауылындағы Бүркітті су арнасын ағымдағы жөндеу - Ескі латоктары алынып жаңа латоктар орнатылуда. -Сарыөзек каналын ағымдағы жөндеу; -Ұйым ауылындағы "Жаңа Қарітоған" каналын ағымдағы жөндеу Бұл 3 жоба бойынша жұмыстар жоспарға сай орындалуда. «Ауыл –ел бесігі» бойынша 154 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылу керек еді, 200 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 980 жұмыс орны ашылып, оның 50,0 % аудандық жұмыспен қамту орталығы алынуы керек еді, нақты 520 адам жұмысқа жолдама алды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар