Экономика
Жаңатастағы жәрмеңкеде 5,8 млн. теңгенің өнімі саудаланды
- авторjambylinfo.kz
- 3 қазан, 2020
- 201
Жаңатастағы жәрмеңкеде 5,8 млн. теңгенің өнімі саудаланды
Жаңатас қаласында өткізілген азық-түліктер жәрмеңкесі бойынша ақпарат
(2020 жылдың 3 қазан күнгі жағдай бойынша)
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні аудан әкімінің тапсырмасымен Жаңатас қаласының Жібек жолы көшесінің бойында төмендетілген бағада азық-түліктер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жалпы алғанда ауданның 36 жеке кәсіпкері қатысты.
Ауылдық округтер бойынша, Байқадам ауылдық округінен 3 жеке кәсіпкер, Жаңарық ауылдық округінен 2 жеке кәсіпкер, Түркістан ауылдық округінен 3 жеке кәсіпкер және Жаңаталап ауылдық округінен 2 жеке кәсіпкерлер өз өнімдерін жәрмеңкеде ұсынды.
Оған қоса, Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 3 жеке кәсіпкер сүзбемайлық өнімдерін жәрмеңкеде төмендетілген бағада сатылымға шығарды. Көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және ет өнімдерінің жалпы бағалары базардағы бөлшек сауда нүктелерінен 15-20 пайызға төмен деңгейде сатылды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік өнімі айран-170тг, пастерленген сүт майлылығы-200 тг, сүзбемайлығы-1500 тг, сарымай 2300-2500тг, тауықжұмыртқасы-230-300тг/10шт, тауықеті-850 тг, қырыққабат 70-90 тг, пияз-60-70 тг, сәбіз 80-110, картоп 90-110 тг, сиыр еті-1700 тг сатылды. Жалпы жәрмеңкеде жасалған сауда айналымы 5,8 млн. теңгені құрады.
Санитариялық талаптар толық сақталды. Сатушылардың міндетті түрде бетпердесі және қолқаптары болды. Жәрмеңкені аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов аралап, қоғамдық тәртіпті сақтау, қадағалау мақсатында Полиция бөлімінің екі учаскелік полицейлері және жол патрульдік полицейлері жәрмеңкеге қатысып, кептеліс болдырмау үшін жол көлік қозғалыстарын бақылауға алды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала