жексенбі, 24 қараша, 2024 17:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?

Жамбылда жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?
ашық дереккөзі
Жамбылда жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?

Жамбыл облысындағы жұмыссыздық мәселелері қалай шешіліп жатқаны жайлы Сапарбаев айтып берді.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 44 мың адам қамтылған, оның ішінде 37,2 мың адам жұмысқа орналасқан. Еңбек нарығына тартылғандардың 45 пайызы жұмыссыздар, 55 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы 20,1 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Есепті кезеңде жоспар 130 пайызға орындалып, 26,1 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының үлесі 63 пайызды құрайды», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, 30,6 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы атанған. Бағдарламаның ең тиімді құралдары – микрокредит беру және өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар бөлу болып табылады. Атап айтқанда, 634 жамбылдыққа 2,5 млрд. теңге көлемінде шағын несие берілсе, оның ішінде 590 қарыз алушы қаражатты асыл тұқымды мал шаруашылығына бағыттаған. Олармен 2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 55,4 млн. теңгенің салығы төленген. Гранттарға бөлінген 1,8 миллиард теңге толығымен игеріліп, барлығы 3 253 адам қол жеткізген.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жалпы сомасы 61,2 млрд. теңгеге 831 жоба жүзеге асырылуда. Барлық жобалар бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, 826 жоба бойынша жұмыс басталған (99,4%). Бүгінгі таңда бөлінген қаражаттың 85 пайызы игерілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асырудың нәтижесінде 87 білім беру нысаны, 54 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, 179 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 208 инженерлік және көлік инфрақұрылым нысандары жөнделетін болады. Қордай ауданында 17 елді мекенге көгілдір отын тартылып, 70,1 мың тұрғын газбен қамтамасыз етілмек. Облыс халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі 72 пайыздан 75,4 пайызға дейін артады деп күтілуде. Айта кету керек, жұмыстардың басым бөлігі ауылдық елді мекендерде жүргізілуде», - деді Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде Жамбыл облысындағы жұмыссыздық үлесі 4,8 пайыз деңгейінде сақталғанын атап өтті.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар