жұма, 22 қараша, 2024 2:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық шаруалар суарудың жаңа технологияларын игеруде

Жамбылдық шаруалар суарудың жаңа технологияларын игеруде
ашық дереккөзі
Жамбылдық шаруалар суарудың жаңа технологияларын игеруде

Жамбыл облысының шаруалары суармалы егіншілікті кеңейту үшін озық суару жүйелерін енгізуде.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 10 шаруа қожалығына берілетін 11 жаңбырлатып суару  қондырғысы таныстырылды. Бұл техникалар ауылшаруашылық құрылымдарының өнімділігін арттыра түспек. Жоба «СПК-Тараз» АҚ арқылы жүзеге асқан. Компания басшысы Олжас Қаржауов фермерлер жаңбырлатып суару қондырғыларын өте тиімді шарттармен сатып алатынын айтты, өйткені мемлекет тарапынан субсидия қарастырылған. Субсидия мөлшері жабдық құнының жартысына тең.  Қалған соманы несиеге бес пайызбен алуға болады.

- Ауыл шаруашылығы басқармасына су ресурстарын зерделеу тапсырылды. Сонда әр аудандадағы егіс алқаптарына қатысты нақты мәліметтерді жинақтай аламыз. Біздің міндетіміз – суармалы жерлердің аумағын ұлғайту, ылғал үнемдеу технологияларын белсенді енгізу. Мемлекет шаруаларға субсидиялар мен қолайлы несиелік жағдайлар ұсынуда. Біз осы мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз керек, - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ол шаруа қожалықтарының басшыларын жаңа технологияларды енгізуге, алынған өнімдерді әлеуметтік павильондарға жеткізіп отыруға шақырды.

- Шаруалардан жалпы 80 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы өз кезегінде жаңа қондырғыларға ие болады. Келесі жылы жаңбырлатып суару техникаларының санын 200-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл машиналардың біреуі 20 гектар жерді суаруға қауқарлы. Құны 5,1-6 миллион теңгенің аралығында, - дейді Олжас Қаржауов.

 Мамандардың айтуы бойынша жаңбырлатып суаруда ылғал ұзаққа созылады. Жүйе тез бөлшектеледі. Тағы бір артықшылығы - бұл құрылғы жылжымалы.

«Ақбидай-2» шаруа қожалығының басшысы Нариман Қалқабаев осындай машинаны алғашқылардың бірі болып иемденді. Оның айтуынша, бұл жабдықпен суару кезінде қол еңбегі онша қажет емес. Сонымен қатар, ол өнімділікті арттыруға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретіндігін алға тартты.

- Біз 38 гектар жерде көкөністер мен жемістер өсіреміз. Жаңбырлатып суару техникасы арқасында суармалы жер көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туды. Тіпті, шағын шаруа қожалықтарының да мұндай пайдалы аппаратты сатып ала алатынына қуаныштымын, - дейді ол.

Жамбыл облысы тамшылатып суару әдісін қолдануда көшбасшылардың бірі екенін, ол 23 мың гектар аумаққа енгізілгенін атап өткен жөн. Биыл ылғал үнемдеу технологияларын қолданатын жер көлемі 20 мың гектардан 30 мың гектарға ұлғайды. 2022 жылы бұл көрсеткішті 50 мың гектарға дейін немесе жалпы суармалы жердің 40% -на дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар