жұма, 22 қараша, 2024 1:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыдағы су арналарының жағдайы қалай?

Жуалыдағы су арналарының жағдайы қалай?
ашық дереккөзі
Жуалыдағы су арналарының жағдайы қалай?
Облыс әкімінің өкімімен бекітілген аудан, ауылдық округтер әкімдерінің жұмыс алгоритміне сай аудан әкімі Нарбай Ергебеков осы аптада Қызыларық ауылдық округіне сапарлады. Нарбай Әбілқасымұлы Теріс-Ащыбұлақ ауылына атбасын бұрып, ауылдағы бастауыш мектептің, Айнабұлақ көшесінің жағдайымен танысты. Білім ордасы 1998 жылы ыңғайластырылған үш қосалқы ғимаратта ашылған. Жаңа оқу жылында 17 оқушы білім алатын болады. Мектеп меңгерушісі Күміскүл Мүсірепбекова негізгі ғимараттың шатырын ауыстыру, ескірген ағаш терезелерді пластикке айырбастау қажет екенін жеткізді. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған Н.Ергебеков жөндеу жұмыстарына қаражат мектептегі бала саны көбйеген жағдайда бөлінетінін айта келе, қосалқы ғимаратта орналасқан әжетхананың құрылысын жылдамдатып бітіруді тапсырды. Ауылдағы бірден-бір қатынас жолы – Айнабұлақ көшесіндегі жолдың 90 пайызға жуығының тозығы жеткен. Ауылдық округ әкімі Марат Қасымбеков жол жөндеу жұмыстарына ЖҚС әзірленіп, сараптамаға ұсынылғанын алға тартты. Аудан әкімі одан кейін Қызыларық, Сұрым ауылдарының іргесіндегі су тоғандарының жай-күйімен танысып, Сұрым ауылының жоғарғы бөлігіне жүргізілетін ауызсу құбырының құрылысына таңдалатын жердің ыңғайын зерделеді. Нарбай Әбілқасымұлының сапары әрі қарай Алатау ауылының үстіңгі жағында орналасқан Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің Бауыржан Момышұлы атындағы шекара бөлімшесінде жалғасты. Мұнда Н.Ергебеков бөлімше басшыларымен кездесу өткізіп, бірқатар проблемаларды бірлесіп талқылады. Шекарашылардың ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған Нарбай Әбілқасымұлы аудан аумағында орналасқан екі шекара бөлімшесіне контрабандалық жолмен ұсталған малдарды ұстайтын ортақ бір орын ашуға қаражат бөлдіруге ықпал ететінін, дұрысы бір шаруа қожалығымен шарт жасасу қажет екенін айта келе, кездесуге арнайы шақырылған Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Арабхан Заппаровтан округтен осындай орын ашуға ұсыныс беруін сұранды. Арабхан Заппаров округте бұрын ондай орын болғанын, қажет болса, шаруа қожалығымен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар