Елімізде
«1,5 млн теңгеден астам өтемақы»: Қызылорда облысында 25 мәдениет қызметкері еңбек демалысы ақысын алмаған
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қыркүйек, 2025
- 499
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді
Қызылорда облысының Қазалы аудандық прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде мәдениет саласындағы мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтқанда, Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы, аудандық кітапханалар жүйесі және ауылдық клубтарда еңбек ететін 25 қызметкерге пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін 1,5 млн теңгеден астам өтемақы толық төленді.
Осылайша азаматтардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратураның ұсынуы негізінде уәкілетті органдар тарапынан еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2025
Елімізде
Қысқы демалыста қайда баруға болады? Шығыс Қазақстан облысындағы ТОП-7 бағыт
- авторБақытжан Бекболат
- 25 желтоқсан, 2025






