бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 3:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«250 миллион теңгенің алтынын өндірген». Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

«250 миллион теңгенің алтынын өндірген». Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
elements.envato.com
Олар алтынды заңсыз өндірумен айналысқан

Астанада алтынды заңсыз өндіргені үшін ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары сотталды, деп жазады Jambylinfo.kz
 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 қатысушысы құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды қолдан өндірумен айналысқанын дәлелдей алды.

 

- Жалған алтын зергерлік бұйымдар елдің базарлары мен зергерлік дүкендерінде сатылған. Қылмыстық схеманы Ресей мен Украина азаматтарын тарта отырып, Қазақстан азаматы ұйымдастырған.  Мемлекетке келтірілген залал 250 млн теңгені құрады.Сотталғандар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды,- делінген хабарламада.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар