«3 жылға бас бостандығынан айырды». Павлодар облысы әкімінің орынбасарын «зорлады» деп айыптаған әйелге үкім шығарылды
- авторjambylinfo.kz
- 5 мамыр, 2024
- 401
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде ақша бопсалау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
Бұл істе жәбірленуші – Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов. Ол 39 жастағы павлодарлық әйелді өзін бопсалады деп айыптады. Іс алқабилердің қатысуымен сотта қаралды. 4 мамырда алқабилер бұл іс бойынша үкім шығарды.
“Оны 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеу жазасы тағайындалсын", – деді сот Нұрлан Айтбаев.
Алқабилер алқасы бірауыздан сотталушыны кінәлі деп тапты.
“Ерекше күтімді қажет ететін балаңыздың бар екенін ескере отырып сот ең жеңіл жаза тағайындады”, – деді сот.
Айыпталушы сот залында қамауға алынды.
Бұған дейін Павлодар әкімінің орынбасары Серік Батырғожиновқа қатысты сот отырысы басталған еді. Шенеунік осыдан бір жыл бұрын танысқан әйелді өзін интимді бопсалады деп айыптады.
Еске сала кетсек, Бұған дейін Facebook қолданушыларының бірі Батырғожинов павлодарлықты зорлады деп айыптаған болатын. Жазба авторының айтуынша, шенеунік "қызды полицияға шағымданбауға көндіре бастады, оны сыйлықтармен, ақша аударымдарымен және оған пәтер алуға көмектесуге уәде берген". Кейін ІІМ басшысы Ержан Сәденов журналистерге зорлау туралы арыз шынымен келіп түскенін, тіпті іс қозғалғанын айтты. Бірақ тексеріс кезінде зорлау дерегі расталмады және іс тоқтатылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз