сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 22:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысы»: Полиция интернет алаяқтарды ұстады

«489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысы»: Полиция интернет алаяқтарды ұстады
Фото - ашық дереккөз
Өскемендік үшеу заңсыз іспен айналысқан

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернет-алаяқтардың сыбайластарымен белсенді күрес жүргізуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz дерегінше, алаяқтық жасаған үш азамат ұсталған.

- Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

 Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар